astana-view

Қаржы нарығында жағдай тұрақты

2016 жылғы 28 Желтоқсан
10226 просмотров

Ұлттық банктегілер Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдайға алаңдаудың реті жоқ дейді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Казкоммерцбанкке» 400 млрд теңге мөлшерінде қарыз беру туралы шешімге қатысты түсініктеме берді. «Казкоммерцбанк» операциялар жүргізуге қосымша өтімділік үшін қолдау шараларына жүгінді, салымшыларға алаңдаудың қажеті жоқ», – деп сендірді Данияр Ақышев.

«Казкоммерцбанктің» дүйсенбі күні ақшаның жартысын, 200 млрд теңгені қайтарғанын неге екені белгісіз көбісі байқамай қалды. Сәйкесінше, оған қаражаттың қажет емес», – деп сөзін жалғады Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы қазіргі таңда «Қазкоммерцбанктің» Ұлттық банк алдындағы қарызы 200 млрд теңге екенін атап өтті. Данияр Ақышев айтып өткендей, бұл сома стандартталған, оның активтердегі үлесі өте төмен.

«Сондықтан мен жалпы «Қазкоммерцбанктің» басындағы жағдайға алаңдауға ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын», – деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы.

«Qazkom» мәселесін есепке ала отырып, Данияр Ақышев еліміздің қаржы нарығындағы жағдайды оң бағалады.

«Қазіргі таңда реттеуші – Ұлттық банктің пруденциялық нормативтері мен талаптарын барлық банктер орындап отыр. Пруденциялық нормативтер дегеніміз – ол өзінің қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әрбір банк орындауы тиіс міндеттер. Бұл ретте капиталдың, ликвидтіліктің, сондай-ақ бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдер көрсеткіштері ескерілген. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер осы көрсеткіштерді түгелдей орындап келеді», – деп ойын түйіндеді Данияр Ақышев.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер