astana-view

Іскерлерге арналған тренинг

2017 жылғы 10 Қаңтар
- Павлодар облысы
7701 просмотров

«Іскерлік байланыстар» жобасы аясындағы оқу семинарлары павлодарлық кәсіпкерге бизнестің тиімділігін арттыру бойынша мол білім алуға көмектесті

Бизнесвумен Меруерт Әбдіхалықтың айтуынша, тренингтер барысында көптеген дүниелерге қатысты бастапқы көзқарас көп өзгереді екен. Мәселен, адам капиталының құндылығын түсіне бастайсың дейді кейіпкеріміз.

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы аясындағы оқудың бірінші кезеңінде өзім үшін көптеген қызық дүниелер алдым. Бәрінен бұрын, қызметкерлермен қарым-қатынасым жақсарды, ұжымның ұйымшылдығы артып, әрқайсысының мүмкіндіктерін анықтап, оларды барынша қолдануды үйренесің», – дейді Меруерт Қайырбекқызы тағылымдамада игерген жаңашылдықтар туралы.

Осындай тренингтердің маңыздылығы туралы әңгіме барысында, бизнесвумен мұның өте қолжетімді, пайдалы әрі танымдық нәрсе екенін атап өтті. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек өтілі бай болса да, Меруерт Әбдіхалық бизнесін одан ары қарай дамыту бойынша көптеген жаңа идеялармен танысқанын  айтты. Ал іскерлік байланыстар орнату жөніндегі осындай шараларға қатысудың дұрыстығы туралы ойланып жүрген бизнесмендер үшін, «Кім ақпаратқа иелік етсе, сол әлемді билейді» деген сөзді еске салып өтті.

Тағы бір бизнесмен Қаршыға Қаниев те осындай пікірде. Оның айтуынша, бизнесмендер кәсіби деңгейін арттырып отыруы тиіс және олар уақытпен бірге алға жылжулары керек. Бұған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске асырып отырған бағдарламалар жақсы демеу болады. «Кәсіпкерлер палатасына бизнес құрудың бастапқы кезеңінде ғана емес, одан кейінгі кезеңде де қолдау көрсеткені үшін, алғыс білдіргім келеді. Мәселен, бұрын «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» бағдарламалары бойынша оқысам, кейіннен «Іскерлік байланыстар» компоненті аясында білімімді жетілдірдім. Арнайы оқу тренингтерінің кәсіпкерлер үшін пайдасы зор», – дейді Қаршыға Қаниев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер