astana-view

Көрме жұмыстары қонақүйлерде қойылады

2017 жылғы 13 Қаңтар
6378 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Елордалық туризм қауымдастығы бірлесе отырып, Астана қонақүйлерінде «Мен Қазақстанды жақсы көремін» атты көшпелі фотокөрме ұйымдастырды

Астана қонақүйлерінде кәсіби фотографтардың Қазақстанның салт-дәстүрі мен ғұрпы, тұрмысы, саф табиғатынан сыр шертетін 22 фотожұмысы жұртшылық назарына ұсынылмақ. 

Алғашқы көрме биылғы жылдың 11 қаңтарында Бейбітшілік көшесі, 47/2 мекенжайында орналасқан «Абсолют» қонақүй кешенінде өткізіліп, шара ай соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰКП Елордалық туризм қауымдастығымен бірлесе отырып, 2016 жылдың қазан айы мен қараша айы аралығында «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауын өткізген еді.

Ал 100 үздік фотожұмыс Қазақстан-Қытай туристік форумы (28 қыркүйек 2016 жыл) мен Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесі (4 қазан 2016 жыл) аясында көпшілік назарына ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер