astana-view

Қарбыздан асқабақ майына дейін

2017 жылғы 08 Ақпан
- Павлодар облысы
9188 просмотров

«Қайрат» шаруа қожалығының «Лебяжі қарбызы» брендімен шығатын қарбыздарына сұраныс жоғары

Лебяжі ауданының бақша мамандары шаруашылықтарын кеңейтті. Енді мұнда дәстүрлі «тәтті жидекті» өсірумен қатар асқабақ майын шығаруды жоспарланып отыр.

Лебяжі ауданы «қарбыз жұмағы» деп бекер саналмайды, себебі, мұнда республикадағы ірі шаруашылықтардың бірі «Қайрат» шаруа қожалығы орналасқан. Негізгі бағыты ­– бақша дақылдарын өсіру. Ең бір ерекшелігі шаруа қожалығы минералды тыңайтқыш пен пестицидтерден түбегейлі бас тартқан. Бақша өнімдері органикалық өнімге сай. Қарбыздар «Лебяжі қарбызы» деген брендпен танылған, өте жоғары сұраныста.

Лебяжі ауданындағы Палата бөлімшесінің директоры Дастан Бейсембаевтың айтуынша, «Қайрат» шаруа қожалығы былтырғы жылы бақша дақылдарынан тұқымдық өсіретін шаруашылық дәрежесін алды. Өнімді кеңейту мақсатында шаруа қожалықтың жетекшісі Қайрат Шапуов асқабақ дәндерін дайындайтын цех ашқан.

Кәсіпкер осы жылы шаруашылық жұмысын жалғастырып, ары қарай асқабақ майын өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы асқабақ мойының сұранысы жоғары екенін айта кеткен жөн. Асқабақ майын «қара алтын» деп атауы тегін емес, өйткені, құрамындағы пайдалы заттардың мөлшері оның қатарындағы ұқсас майлардан жоғары.

Қазіргі таңда кәсіпкер аудандағы бірнеше шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне біріктіруді көздеп отыр. Осы мақсатта Палатаның аудандағы бөлімшесі жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарды жинастыруға жәрдем жасап отыр. Дастан Бейсембаевтың жеткізуінше, ауыл шаруашылығы өндірушілері ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігудің артықшылықтары айқын сезеді. Бұл егістік алқаптарының кеңеюіне, өндіріс көлемін арттыруға, ең бастысы, өткізу нарығын реттеуге септігін тигізері анық. Лебяжі бақша шаруалары өнімдерін алыс шет елге экспорттау жұмысын реттеуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер