astana-view

Қытайлықтар Алматының өңірлік даму картасын зерттеуде

2017 жылғы 16 Ақпан
- Алматы қаласы
7056 просмотров

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері жайында айтылды

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы қатысушыларымен берге «Даму» КДҚ» АҚ, «Kaznex Invest» АҚ, Қазақстанның индустрияны дамыту институтының өкілдері кездесті. Басқосуда кәсіпкерлерге «Өнімділік­–2020» бағдарламасы, қаржы шығындарын өтеу жолдары, шикізаттық емес эпорттаушыларға мемлекеттің қолдауы мен инвестициялық артықшылықтар туралы айтылды.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы сәуір айында «Атамекен» ҰКП бастамасымен Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жасалған, сол кезде Карта Мемлекет басышына таныстырылған еді. Ол businessnavigator.kz. сайтында ашық орналастырылған бірегей веб-портал. Берілген ақпараттық-сараптамалық ресурс кәсіпкерлерге өңірдің экономикасы мен кәсіпорындары туралы мәліметтер базасына қолжетімділік мүмкіндігін береді, ішкі және сыртқы инвестицияны тарту құралы болып табылады.

Бүгінде инвесторлармен ынтымақтастық үшін тізімге енген барлық қатысушылардың байланыс ақпараты көрсетілген, кәсіпорынның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері енгізілген 590,2 млрд теңге сомасындағы 259 инвестициялық жобаның базасы жасалды. Картаның көмегімен республикада 9,7 млрд теңге сомасындағы 20 жоба қаржыландырылды, 119 млрд теңге сомасындағы 28 жоба (2 жоба Алматыда) қаржыландыру кезеңінде. Алматы қаласы бойынша онлайн-режимде 19,2 млрд теңгені құрайтын 40 жоба орналастырылған.

Бүгінде іскерлік порталға 1,2 млн қолданушы кірген, күніне 10 мың бірегей оқырмандар бар, 3,5 млн парақша қаралған. Қарта жобалары Қытай Халық Республикасының іскерлік ортасында үлкен қызығушылық тудырған. 2016 жылы 19-24 қазан аралығында Қытайдағы ҚР Елшілігі мен «Kaznex Invest» АҚ өкілдерінің көмегімен Пекин және Чанши қалаларында, Хунянь провинциясыда Картаның таныстырылымы өтті. Картаның 8 қатысушылары Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған инвестициялық форум аясында өз жобаларын таныстырды. Қытай бизнесінің тарапы АӨК, тағам саласы, өндіріс пен туризс саласындағы жобаларына үлкен қызығушылық танытты. 

Биылғы жылы Кәсіпкерлер палатасы Порталды Индустриализация картасына жобаларды қосу туралы шешім қабылдауда Өңірлік үйлестіруші үшін кеңес құрал ретінде, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін аймақтық салаларды іздеу құралы ретінде қолдану механизмін енгізуді жоспарлап отыр. Алматы кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын, оның ішінде дамыту институттарынан, екінші деңгейлі банктерден қаржылық қолдау алуда, түрлі құралдар арқылы өнімді өткізу нарығын іздеуде көмек көрсетуде жүзеге асырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер