astana-view

ЕАЭО-да Қазақстандық бизнес-орта мүмкіндіктері талқыланды

2017 жылғы 16 Ақпан
7132 просмотров

«Атамекен» ҰКП отандық кәсіпкерлерді ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерге қатысты пікір білдіруге шақырды

Кедергілерді, алып тастаулар мен шектеулерді анықтау және жою мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың басқаруымен, Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша Алқа мүшесі Карина Минасянның қатысуымен және Қазақстан Республикасы бизнес-қоғамдастығымен бірге «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауда бизнес-қоғамдастықтардың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ЕАЭО-ның құрылуының басты себебі одаққа мүше елдердің бірыңғай нарықты қалыптастыру, дамыту, осы арқылы экономиканы нығайту болған. Алайда орын алып отырған көп жағдайлар мен қалыптасқан статистикалық көрсеткіштерге қарасақ, мүше елдер арасындағы тең құқықтық сақталамй тұр. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ бизнес-қоғамдастығының бірыңғай тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күші нарығын беретін өз мүмкіндіктері мен басымдықтарын толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін кедергілер бар.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары  Дана Жүнісова одақта қазақстандық кәсіпкерлердің мәселелрі жылдар бойы шешімін таппай келетінін айтты. «Бұл транзит, теңіз тасымалы, акциздер, алко өнімдерінің экспортына қатысты сұрақтар. Біз жолданып отырған әр сұрағымыздың құнын біліп отырмыз. Әр кедергі бойынша шығындарымыздың нақты сандарын да келтіре аламыз», – деді Дана Жүнісова.

Бүгінде бес елді біріктіріп отырған бірыңғай кеңістікте қазақстандық мүдденің деңгейі, сала-сала бойынша туындаған және шешілмей келе жатқан мәселер Алқа мүшесі Карина Минасянның назарына ұсынылды. «Одақтың бір бағыты тауарлардың дұрыс тасымалдануын қадағалау. Енді ішкі нарықтағы кедергілерді реттеу бойынша жұмысқа кірістік. Біз әр мәселеге жүйелі қарауға тырысамыз. Мәселен, көліктерді автоматтандыру дегенде адамның қатысуынсыз бір көліктің екінші көлікпен арнайы қондырғылар арқылы байланыс орнатуы ЕАЭО территориясында жүк көліктердің әр кеден бойынша кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі қажет. Демек, автоматтандыру бизнеске кедергі емес көмек жасауы қажет», – деді Карине Минасян.

Теңіз қатынасы жоқ Қазақстанның мүмкіндіктері шектеулі

Шара барысында Теңіз көлігі қауымдастығының атқарушы директоры Николай  Юдин Қазақстанның Ресей территориясы арқылы еуропалық порттарға шығу мүмкіндіктері шектеулі екені алға тартты. Мәселен, Қазақстандық тауарларды Қара теңіз порттарына жеткізу үшін Қазақстан жеңілдетілген хабарландыру режимі негізінде Каспи теңізінен РФ Волгодон каналы арқылы транзитті дәліз қызметі келісілген болатын. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» АҚ «Теңізшевроил» ЖШС ұлғайту жобасы аясында Ресейдің ішкі сулары арқылы жүкті тасымалдау бойынша келісім жасай алмады. Нәтижесінде 500 млн АҚШ доллары көлемінде шығынға батты. Бүгінде дәлізге рұқсат ететін құжаттар 2015 жылдың 31 желтоқсанынан бастап әлі қаралу үстінде, Ресей тарапы мәселені шешуге асығар емес. Бұл Одақ ережелеріне қарсы әрекет.

Отандық алкоөнім Ресей мен Белорусия нарығына неге шықпайды?

Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде Қазақстанның арақ өндірушілері шын мәнінде ыңғайсыз жағдайда. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан өз нарығында Ресей мен Белорусия елдерінңң арақ өнімдеріне барлық кедергілерді алып тастады. Демек, Одақ бойынша серіктестеріміз күні бүгінге дейін Қазақстандағы импорт көлемі мен сапасы жағынан ешбір қысым көрген жоқ, барлығы еркін сатылымда. Соның нәтижесінде ішкі  алко нарғымызды импорт басып келеді.  «Мәселен, кеден одағы құрылмай тұрып импорт 10%-ды ғана құраса, бүгінде 40%-ға дейін жетті. Демек, әр сатылған 2-ші шөлмек сыртқы нарық өкілдеріне тиесілі. Сeпермаркеттерде тіпті сөрелердегі өнімнің 60-70% импорттық. 5 жыл ішінде еліміздегі  Ресей арақ өнімі 2,5 есеге, Белорусия арақ өнімі 43,5 есеге өскен. «Бұл үдеріс отандық кәсіпкерлер үшін өте қауіпті. Отандық өндірушілердің 2010-2015 жылдары аралығында өнімділігі 28%-ға түсіп қалды», – дейді «ҚазАлко» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Қауымдастық басшысының айтуынша Одақта Қазақстанның мүддесі шектелген. Мәселен, қазақстандық алкоөнімді Ресей мен Белорусия түрлі дәйектер және сылтаулармен өз нарығына кіргізбей отыр. Белоруссия  2011 жылдан бастап сырттан келетін арақ өнімдеріне арнайы квота жасап қойды. Осылайша Белорусия отандық арақ өндірушілерін қорғап отыр. Ресей қазақстандық спиртке тиім салған. Қазақстан тарапы бұл мәселені 2011 жылдан бастап көтеріп келеді. Осы жағдайды реттеу мақсатында екі келісім дайындалған, алайда келісімдерге әлі де қол қойылмады. 

«Қазақстандық арақ өнімі не себепті Ресейге шықпай отырғаны мен үшін түсініксіз. Оған себеп бар шығар. Мәселен, Арменияның арақ өнімдері Ресейге экспортталады. Нақты дәйектер бар ма?», – деп сауал тастады.

 Осы сұраққа жауап ретінде ҚазАлко қауымдастығының мәлеметіне сәйкес, Ресей Қазақстанның арағы мен спиртінің сапасы төмен деп сылтау айтады. Ресей мен Белорусияға қазіргі жағдай қолайлы: өздерінің нарығын жауып, Қазақстанға еркін кіре алады. «Қазақстандық арақ өнімінің сапасы төмендігін, бәсекеге қабілеттілігін білу үшін алдымен өнімді сөрелерге қою керек. Бұл қисынсыз сылтау. Одақ нарығына кіре алмай отырған Қазақстан Еуропа, Канада, Түркия елдеріне алкоөнімдерді экспорттауда. Сапасыз болса, басқа елдер неге біздің өнімді тұтынып отыр?», – деді «ҚазАлко» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Металл сынығына да ҚҚС төлеуді сұрайды, құс етіне шектеу қояды

Шара барысында сондай-ақ, фармация саласы талқыланды. Мәселен, дәрі-дәрмек бойынша Қазақстандағы ресейлік импорт көлемі 12 мың болса, Ресейдегі қазақстандық үлес 5 мыңға тең. Бұл сала да екі жақ ымыраға келе алмай жатыр.

Металл сынығы бойынша одақтас елдер арасындағы айналым бойынша қосымша құн салығы алынып тасталған. Өйткені, темір сынықтарын жинаумен  жекелеген адамар айналысады. Алайда бұл бағытта да Ресей тарапынан дискриминациялық әрекет орын алып отыр. Барлық келісімдерге қарамастан Ресейге сатылған металл сынығы үшін қазақстандық кәсіпкерлер ҚҚС төлеуге міндеттеліп отыр.

Қазақстандық құс еті мен жұмыртқасына қатысты ресми емес БАҚ көздерінен құс тұмауы өршіп тұр деген сылтаумен 2016 жылдың қараша айында  Қырғыстан Қазақстан құс өнімдеріне  тиым салды. ҚР Ауыл шаруашылығы   министрлігі бұл жалған ақпарат екенін дәлелдеп, Қырғыстанға тиімді алып тастауды сұрады, алайда жауап әлі жоқ. Қырғыз нарығы шағын болса да тиімді. 2016 жылдың өзінде Қырғызстанға 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде тауық еті, 211,1 мың АҚШ долларын сомасында жұмыртқа экспортталған.   

Сонымен қатар, 2016 жылдың 26 қаңтарында Қырғыстанда Заң қабылданды, осыған сәйкес Республикаға импортталатын бидай ҚҚС-тен босатылады. Демек, осы бидайдан өңделген ұн да ҚҚС-тан босатылады. «Аталған заң негізінде қырғыз диханшыларын қолдауға, қазақстандық кәсіпкерлермен бәсекелесуге және Қазақстаннан келетін импорт көлемін азайтуға бағытталған. Нәтижесінде Қырғыстан жылына шамамен 655 сом шығынға түсіп  отыр. Қырғызстандық бидай қазақстандық бидайға қарағанда қымбаттап кетті, сондықтан егін алқаптары азайтылмақ. Қырғыз тарабы дұрыс емес әрекет жасағандарын түсініп отыр: наубайшыларды қолдады, ал диқаншыларды тоздырды. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның Қырғызстанға бидай экспорты 5 есе төмендеп кетті» – деді Қазақстанның астық өңдеу және наубайшылар Одағының президенті Евгений Ган.      

Карине Минасян ортақ нарықта орын алған ең өзекті мәселелердің жайын білді. Ішкі нарықтағы түрлі кедергілерді алдын алу үшін Комиссияда арнайы бөлім ашылғанын алға  тартқан  Алқа мүшесі мәселелерді кедергілер реестріне енгізіп, 7 наурызда Халықаралық құқықтық кеңесте қарастырылатынын айтты. Палата Комиссияға Қазақстан үшін одақ нарығында кедергілер тізімін жібереді.  

«Дөңгелек үстел нәтижесінде отандық бизнестің Одақ бойынша кедергілері көп екені анықталды. Сондықтан осындай талқылау алаңдары маңызды. ҰКП аталған шаралар арқылы бизнестің өзекті мәселелері шешіледі деп санайды. Өйткені ЕАЭО дамуы, кеңістігінің ұлғаюы одақтас елдердің ортақ мүддесі. Бірлесіп ортақ-нарық құру арқылы елдер арасындағы ынтымақтастық артады, достық байланыс бекид», – деп қорытындылады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер