astana-view

Қоғам пікірі ескеріледі

2017 жылғы 01 Наурыз
5559 просмотров

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» жанында Қоғамдық кеңес жұмыс істейді

ҚР Ұлттық банкінде БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелері банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматовпен және «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаевамен таныстық басқосуына қатысты деп хабарлайды финреттеу баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DailyNews.kz.

Ғалымжан Пірматов БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің тәуелсіз консультациялық-кеңесші органын құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Салымшылар мен алушылардың, қаржы сарапшыларының, сондай-ақ зейнетақы саласының үдерістерін объективті жариялайтын журналистердің пікірі айрықша маңызды. Талқылау негізінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының ашықтығын арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастырылады», – деді Ғалымжан Пірматов.

Нұрбибі Наурызбаева БЖЗҚ қызметінің барынша айқындылығына жетудің, қор салымшылары мен зейнетақы төлемін алушылармен тиімді, тұрақты ақпараттық және коммуникациялық каналды қалыптастырудың аса маңыздылығын атап өтті. «БЖЗҚ жұмысының негізгі принипі өзгеріссіз қалады – бұл қор салымшылыр мен зейнетақы төлемін алушылардың мүддесін қорғау», – деді ол.

Ұлттық банк пен БЖЗҚ өкілдері қатысушыларға зейнетақы активтері мен зейентақы секторының ағымдағы жағдайын басқару бойынша жұмыстар туралы таныстырды, сонымен қатар БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Тараптар пікір алмасып, жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істеу принциптерін түсіндіруге және зейнетақы жүйесінің қызметін жетілдіру бойынша дем беруге арналған өзара ықпалдастық аясында осындай кездесулерді өткізудің тиімділігін атап өтті. 

Еске салсақ, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшылардың, қоғамдық ұйым мүшелерінің, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының, бұқаралық ақпарат құралдарының ерікті түрде қатысуы негізінде 2017 жылдың ақпан айында құрылған. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева – осы Қоғамдық кеңестің мүшесі. Досым Сәтпаев Кеңес төрағасы болып сайланды, ал оның орынбасары – танымал журналист Алевтина Донских.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер