astana-view

Қарттар үйіндегі шуақты мереке

2017 жылғы 06 Наурыз
- Алматы қаласы
5511 просмотров

Алматы Іскер әйелдер кеңесі қайырымдылық концертін ұйымдастырды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы қаласының іскер әйелдері ардагерлердің хал-жағдайларын білім қайтты. Ардагер апаларға гүлшоқтары мен сый-сыяпаттар табыс етіліп, шығармашылық ұжым мен Laulan музыкалық тобының қатысуымен ретро-концерт ұйымдастырылды.

«Құрметті ардагерлер! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен ­ табиғаттың бусанып, шуақ төгіліп, айнала нұрға бөленетін мезгілмен шын жүректен құттықтаймын. Алматы Іскер әйелдер кеңесінің атынан баршаңызға зор денсаулық, қуаныш пен жақсы көңіл-күй тілеймін!» – деп Алматы Іскер ійелдер кеңесінің төрайымы Үміт Шаяхметова жылы лебізін білдірді. ­

Бүгінде әлеуметтік үйде 250 қария тұрады. Барлығының да тағдыры әрқиылы, өмір жолдары сан түрлі оқиғаға толы. Бірі – концлагерьде тұтқында болса, енді бірі ­– Ленинград қоршауынан өткен, тағы бір апа ­– балет бишісі болған. Әрқайсысы қоғамға пайда келтіруді қалайды. Кейбіреулері осы әлеуметтік үйден өмірлік жолдастарын тауып, той жасаған. Алайда, олардың қатарында аурушаң, тіпті зағип жандар да бар, әрбіріне ерекше күтім мен қамқорлық қажет.

Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау білдіріп қана қоймай, әлеуметтік қызметті де белсенді атқарады. Кеңестің жұмысы басталғалы бері 8 228 әйелдер кәсіпкерлігінің субъектісіне қолдау көрсетілген. 1286 алматылық қыз-келіншек кәсіпкерлік негіздерінен білім алып, біліктіліктерін арттырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер