astana-view

Қазақстан–Өзбекстан бизнес форумы Астанада өтеді

2017 жылғы 16 Наурыз
- Ақмола облысы
8845 просмотров

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан–Өзбекстан бизнес форумы өтеді

Бизнес форум аясында В2В форматында кездесу ұйымдастырылады, сондай-ақ Өзбекстанның өнеркәсіптік және тұтынушылық тауарларының көрмесі өтеді.

Бизнес форум аясында екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісім мен келісімшарттарға қол қою жоспарланған.

Өзбекстан делегациясы құрамында жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, машина жасау, электротехника, химия, фармацевтика, құрылыс материалдары, тау-кен, мұнай-газ өнеркәсібі салаларындағы компаниялар болады.

Өтетін күні мен уақыты: 23 наурыз 2017 жыл. Сағат: 10-00, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52, Тәуелсіздік сарайы, Конресс залы 1

Форумға қатысу үшін хабарласу телефонының нөмірі: +7 7172 279054 (ішкі нөмір: 221), моб. +7 702 895 1000 (Амина Ахметжанова).

БАҚ өкілдерін тіркеуге қатысты сауалдар бойынша «Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласыңыздар: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер