astana-view

ДСҰ шеңберінде Қазақстанның тауар тізбесі ұлғайды

2017 жылғы 16 Наурыз
- Ақмола облысы
11131 просмотров

Елге тауарды ДСҰ мөлшерлемелері бойынша кіргізуге болады

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаменті 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының ДСҰ алдындағы міндеттемелеріне сәйкес кейбір тауарлар тізбесіне кедендік баж мөлшерін азайту туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығы күшіне енетінін хабарлады.    

Айта кетелік, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел ретінде Қазақстан өз міндетіне бірқатар тауарларға  кірме кедендік баждарды төмендетуді алған болатын. Сол аталымдар бойынша жыл сайын Алып тастаулардың тізбесін кеңейту арқылы бажтар мөлшері төмендетіліп отырады.  

Осылайша 2016 жылы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 14 қазан №59 Шешіміне сәйкес қазақстандық кәсіпкерлер 1347 тауар атылымын кеденнен төмендетілген ставкамен өткізген. 2017 жылы Алып тастаулардың тізбесі ЕАЭО-ның жаңа тауар номенклатурасына сәйкес тағы  567 аталыммен толығып, енді барлығы 2167 аталым болды.   

Өз кезегінде ДСҰ алдындағы міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ел ретінде Қазақстан алып тастау тізбесіндегі заттар Қазақстанға төмендетілген ставкамен енгізілген болса, онда тауарларды бақылауды, сондай-ақ, сол тауарлардың Қазақстан территориясын тыс жерге тасымалдауына жол бермеуді қадағалауы керек. Осыған орай «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді кедендік тасымалдау мұқият болуды сұрайды. Егер тауар тек қана ҚР территориясына ғана таратылатын болса, онда жүктің кедендік салығын ДСҰ-дың төмендетілген ставкамен төлеуге болады.

Егер Қазақстандық тауар Одаққа мүше елдердің территориясына таратылатын болса, онда тауарларға Бірыңғай кеден тарифі бойынша тазалау жүргізу қажет болады.

Тізбеге енген, бірақ ЕАОЭ БКТ ставкалары бойынша кіргізілген  тауарларды шығарудың шарты тауар сүйемелдейтін құжатпен рәсімделуі қажет. Еуразиялық экономикалық одақ  шеңберінде екі жақты сауда айналымы жүзеге асыруда Қазақстанның нормативті-құқықтық базасымен тауарды сүйемелдейтін екі құжат қарастырылған: кедендік декларация және электронды шот-фактурасы (ары қарай – ЭШФ).

Тізбеге енген тауарларды сатумен айналысып отырған кәсіпкерлер тауарды сүйемелдейтін құжаттардың Тізбеге енген басқа мемлекеттерде бұрынырақ кіргізілген тауарларды сатуда; ЕАЭО тауарларын ҚР территориясына әкелінген тауарларды өндіргенде, ЕАЭО ТН ВЭД коды және атаулар Тізбеге енген; Қазақстан территориясынан тауарды басқа ЕАОЭ-ға мүше ел территориясына кіргізген кезде және ол тауарды бір жеке тұлға алып жүрсе қажет болатынын қаперде ұстау қажет.    

Аталған Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің ресми сайтында жарияланған. Осыған қатысты барлық ақпарат, сондай-ақ, ДСҰ шеңберінде отандық бизнестің төмендетілген ставкаларды қолдану бойынша нормативті-құқықтық база туралы мағлұматтар «Атамекен» ҰКП www.palata.kz сайтында  ДСҰ «ҚР-дың ДСҰ-дағы тарифтар бойынша міндеттемелері» бөлімінде жарияланған.

Сұрақтар туындаған болса «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуға болады: (7172) 919 373, хаттарыңызды dei@palata.kz почтасына жолдаңыздар.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер