astana-view

Тимур Құлыбаев: ауыл шаруашылығында жеке кәсіпкерлікті қарқынды дамытудың мүмкіндігі зор

2017 жылғы 16 Наурыз
10652 просмотров

 «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың басшылық етуімен  Агроөнеркәсіп кешені комитетінің кезекті жиналысы өтті

«Атамекен» басшысының айтуынша, әлеуметтік мәселелер - жоғары маңызға ие, себебі бұл – еліміздегі тұрақтылықтың көзі.  Сонымен қатар, ел  экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырған  ауыл шаруышылығы саласы жөнінде Палата басшысы ерекше атап өтті.

Агроөнеркәсіп кешені – халықтың тең жартысы тұратын ауыл аймақтардағы  азық-түлік пен экономикалық қауіпсіздікті,  жұмыспен қамту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін  экономиканың  басты саласы.

 «Сонымен қоса бүгінде, қалалық бизнестің ауылға бет бұрысы байқалады. Бұл салада үлкен бәсекелестік тудыратын кәсіпкерлік ошақтары байқалмайды, сондықтан ауыл шаруашылығында жеке кәсіпкерлікті қарқынды дамытудың мүмкіндігі зор»,  – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Қазақстан халқының тұрақты өсімі,  азық- түлік өнімдеріне деген сұранысты және тұтыну құрылымының өзгеруі өнім сапасын арттыруға алып келуде. Қазақстаның түрлі климаттық аймақтарында егістік алқабы ауқымды. Бұл өз кезегінде агроөнеркәсіп кешенінде түрлі экологиялық таза өнімдерді өсірудің айрықша мүмкіндігі.  Сондықтан, біздің елде шығарылатын өнімдерге көрші елдер қызыға қарайды. Ал өткізу нарығының көлемі  ауылшарушылық өндірушілеріне зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Статистика мәліметінше, негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі артқан. Атап айтсақ, 2015 жылға қарағанда, өткен жылы 253 млрд теңгені құрап, 47%-ға өскен.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев Қазақстан аумағындағы ауылшарушылық техникаларының өндірісін, оған қатысты қосалқы бөлшектер мен аспалы жабдықтарды шоғырландыру, техникаға қажетті арнайы сервисті ұйымдастыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Комитет басшысы, Иван Сауэр «Агробизнес-2020» бағдарламасында қаржылық қамтамасыз етудегі  айтарлықтай кемшін тұстарға тоқталып өтті.. Оның ішінде, 2015-2016 жылдарға тиесілі инвестициялық субсидиялау, сондай-ақ несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендеуге берілетін субсидияның берілмегені туралы кейбір кәсіпкерлерден шағым түскенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарламаға үлкен үміт артып отыр. Ұлттық палата мен бизнес-қоғамдастықтың ауыл шаруашылығын дамытудың салалық баңдарламасының мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру туралы айтқан екі жыл бұрынғы  ұсынысы қабылданғаны қуанышты. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламада сыртқы және ішкі нарықтағы макросұраныстың мақсатты индикаторларын бекіту бойынша ұсынылған тәсілдер қолдау тапты. Яғни, бизнес үшін нақты көрсеткіштер мен олардың жетістіктері бойынша экономикалық шараларды ынталандыратын (субсидиялар, жеңілдікпен берілетін несиелер және т.б.)  дамудың нақты векторы берілді», – деді Иван Сауэр.

Мұнымен қоса, Иван Сауэр субсидиялау саясатына қатысты мәселелерді көтерді. «2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің бірлігін субсидиялауды қорғап қала алдық. Осылайша жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында аграрлық сектордың негізгі бөлігінде өнімнің бірлігін субсидиялау қарастырылды.  Агроөнеркәсіп кешені комитеті ауыл шаруашылығы бизнесін жаңадан қолға алған отандық кәсіпкерлер үшін жерді уақытша пайдалану құқығын да сақтап қалды», – Комитет басшысы.

«Қазіргі таңда ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер мен кооперативті шаруашылықтарды салық тәртібін қайта қарау мен оңтайландыру мәселесі толғандырады. Өйткені бұл мәселе еліміздің барлық шаруаларына қатысты. Соның ішінде 2018 жылдан бастап ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де, өнімдерді қайта өңдеушілер үшін де ҚҚС бойынша 70 пайыздық жеңілдікті алып тастау жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, арнайы салық тәртібін – шаруа қожалықтары үшін Бірыңғай жер салығын қолдануды шектеу де өзекті мәселе. Сондықтан қазір ауылшаруашылығы өндірушілеріне салық салудың қолайлы тәртібі бойынша тәсілдерді әзірлеу маңызды. Ол өңделіп жатқан жаңа Салық кодексінің негізіне айналады», – деп жалғастырды Иван Сауэр.

Сондай-ақ, Комитет төрағасының мәліметінше, Агроөнеркәсіп кешені комитеті инвестициялық субсидиялау ережесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын қайтару бойынша есептер мен дәйектемелерді жүргізіп, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Үкіметке ұсыныс беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Иван Сауэрдің айтуынша, бюджеттік шығындарды үнемдеу аясында инвестициялық субсидиялау бағдарламасынан өндірістік орындардың (сүт өңдеу кешені, көкөніс сақтау және т.б.) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалған шығындарды қайтару жөніндегі тармақтар алынып тасталды. Дегенмен, бұл шығындар анағұрлым көп. Сондықтан осы мақсатта салынған инвестицияның бір бөлігін қайтару жалпы агроөнеркәсіп кешенінің дамуындағы маңызы мәселе болып табылады.

Айналымдағы қаражатты толықтыруға алынған несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ғана емес, сондай-ақ негізгі қаражат үшін алынған несиені, ауыл шаруашылығы техникасы лизингі несиесін субсидиялауды қайтару мәселесі шешілетін болады. Көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын да кепілсіз несиелеу тәсілдері әзірленеді. Қазір несиелеудің бұл түрі қайта қаралды, оның ішінде өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігіне несие беру алынып тасталды. Бұл осыған дейін шағын фермерлерге кепілзат пен банктік кепілдік қоймай-ақ несие алып, егін егуге мүмкіндік берген еді.

Логистика саласындағы жұмыстар да бірте-бірте жолға қойылып келеді. Астана мен Алматы қалаларында ауыл шаруашылығы кооперациясының негізінде отандық тауар өндірушілер мен тауарларын делдалсыз жеткізушілердің  өнімдерін өткізуге арналған пилоттық орталықтар ашылды.

«Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев Агроөнеркәсіп кешені комитетіне жылына 4%-бен арзан әрі қолжетімді несиелеу саясаты бойынша Ресейдің тәжірибесін зерттеуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Ресей, Белоруссия мен Өзбекстан тәжірибесін зерделеуді, ауылшаруашылығы өнімін тиімді қайта өңдеу мен алдағы уақытта осы салада импортты алмастыруға қатысты нақты ұсыныстар беруді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер