astana-view

Қаржыгерлер «Атамекен» алаңында бас қосты

2017 жылғы 14 Наурыз
2058 просмотров

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2017 жылғы жоспарымен таныстырды

«Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП Қаржылық секторы комитетінің бірлескен отырысы өткізілді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қаржылық комитетінің төрайымы Үміт Шаяхметованың басшылығымен өткен қаржы саласына арналған алқалы басқосуға «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрайымы Юлия Якупбаева, Қазақстан Даму банкі төрағасы Болат Жәмішев, қаржылық тексеру жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде танылған «Эрнст энд Янг» ЖШС мен отандық банк секторының өкілдері, сондай-ақ, онлайн байланыс арқылы Алматы қаласының қаржыгерлері қатысты.

Аталған басқосуда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Юлия Якупбаеваның жасаған ауқымды презентациясынан кейін қауымдастықтың жүйелі жұмыс атқарып отырғаны бірден байқалды.

Салық, нарықты реттеу мен бағалы қағаздар, сақтандыруға қатысты ҚР бірқатар заңнамалары бойынша Қауымдастқпен жасалатын іс-қимылдар, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерге жеңілдіктерді қарастыру сынды жұмыстар кезең-кезеңмен таныстырылды. Оның ішінде ЕАЭО-ға мүше елдеріне екі тараптан да жүргізілетін салық салудан босату, заңнаманы қолдануда процедураларды жеңілдетуге үлкен мән брілмек.

 «Реттеушілер тарапы заң жобаларын бекітерде даму мәселелріне назар аудару керек. Қаржы секторы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру блогі де өте ауқымды, сол сияқта банк секторы де үлкен. Осы мәселелерді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы шеңберінде біз талқылап, Ұлттық Банк алдына ұсынуға дайынбыз», – деді Үміт Шаяхметова.

«Осыған дейін ҚҚҚ банк секторы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру секторымен бірлесіп үш жиын өткізген болатынбыз. Басқосуларда барлық мәселелерді талқыладық, қаржы секторына қатысты Елбасы Жолдауының тезистерін назарға алдық, жоспарға енгіздік, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының тапсырмаларын кіргіздік, біздің ойымызша жоспар кешенді түрде әзірленді. Енді оны бекітіп, әр сала бойынша Үкімет және Ұлттық банкпен бірлесіп, нақты жұмыстарға кірісу ғана қалды», – деді Юлия Якупбаева.

Жоспарда Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы, сандық технологияларды қолдану арқылы индустрияны құру, базалық салаларды дамыту, агроөнеркәсіптік кешен – дамудың жаңа драйвері іспетті негізгі бағыттары қамтылған, сондай-ақ, Нұрлы жерден бастап дәнді дақылдар саласы назардан тыс қалмады.

Жоспар таныстырылымы өткен соң Қазақстан Даму банкі төрағасы Болат Жәмішев атқарылатын жұмыстар мен олардан күтілетін нәтижені саралауға мән керек екенін ұсынды. Өйткені, ҚҚҚ атқармақ жүйелі жұмыс күрделі болғандықтан жоспарбойынша уақытында атқарылған жұмыс пен нәтижеге сараптама жүргізіп отыру үдеріске жүйелілік әкеледі.

Шара барысында қаржылық тексеру жүргізетін аудиторлық ұйым «Эрнст энд Янг» отандық банк секторына жасаған жан-жақты сараптамасын таныстырды. Аталған анализ көпшілік назарына жаңа мәліметтер мен статистиканы ұсынды. Осыған орай банк секторындағы өкілдер аудиторлық ұйым бірқатар ескертпелерді жасады. Өз кезегінде қаржылық тексеру жүргізетін аудиторлық ұйым «Эрнст энд Янг» ресми статистика жүйесінде ақпарат алу мүмкін емес екенін, жасалған ескертпелерді назарға алғандарын айтты. Осы шара аясында бекітілмек болған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жоспары кейінге қалдырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер