astana-view

Бақытжан Сағынтаев: «Сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды тиянақтаймыз»

2017 жылғы 16 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
8392 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ШҚО-да республикалық жиын өтті 

Өскемен қаласында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен сатып алулар мәселелері жөнінде жиын өткізілді. Жиында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, өңір басшылары мен 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Шара барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ кәсіпкерлер сатып алулар жүйесінде орын алып отырған бірқатар мәселелер жайында айтты. Сатып алулардағы жоспарларды алдын ала жариялау, квазимемлекеттік сектордағы жауапкершілікті енгізу, сатып алулар кезінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің басымдылығы, оның ішінде жобалық-сметалық құжат  әзірлеу мен жүзеге асыруда кәсіпкерлердің қатысуы, жергілікті қамту үлесін тендерге дейін және кейін бақылауға алу, сондай-ақ, индустриялды сертификат пен алдын ала біліктілігі бойынша таңдау мәселелері талқыланды. 

Абылай Мырзахметовтың айтуынша «Атамекен» ҰКП  бизнестің ұстанымы екі алаңда  сараланған, оның бірі – мемлекеттік сатып алуларда, екіншісі – «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» сатып алуларында. Сараптама нәтижесінде кәсіпкерлер жиі ұрынатын бес жүйелі мәселе анықталған. «Бірінші кезекте сенім білдіргендері үшін бизнес өкілдеріне алғыс айтқым келеді. «Сатып алулар жүйесін қайта қарастыру бойынша  бизнеске алғаш рет ерік беріліп отыр, бұл тарихи оқиға. Бүгін кезекті рет Қазақстанның бизнес-құрылым өкілдерімен бас қосып отырмыз. Олар түрлі деңгейлі 15 мәселені айтып отыр. Осы тізімде әкімшілік кедергілер,  мемлекеттік органдардың негізсіз тексерулері сынды түйіткілдер бар», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Жергілікті тауар өндірушілердің сатып алулардағы мүддесін жетелеу бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлесіп жасап жатқан оң жұмысы жайлы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндап берді. Осы бағытта 2016 жылдың наурыз айында тауар өндірушілерді қолдау бойынша облыстық комиссия құрылған. 2016 жылы комиссия 10 жұмыс жиынын өткізіп, онда білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика және құрылыс салаларындағы жергілікті қамту үлесі артуы бойынша мәселелер талқыланды. 

«Жергілікті тауар өндірушілердің жаңа өнімі мен технологиялардың нарыққа тез әрі тиімді сіңуі үшін ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жобалаушы ұйымдармен және өндірушілермен тұрақты түрде талқылау алаңдарын өткізеді.  Мемлекеттік экспертиза мониторингі көрсеткендей құрылыс үшін жобалық-сметалық құжатта 2016 жылы қазақстандық жергілікті қамту үлесі: мектеп пен бала бақшада– 75%-дан (2015 жыл) 83%-ға дейін, аураханалар мен емханаларда – 78%-дан 81%-ға, тұрғын үйлер 89%-дан 91%-ға өскені байқалды», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

«Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов машина жасау саласының сатып алуларындағы мәселелерге тоқталды. Қазақстанда машина жасау саласында 916 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 34-і ірі, 56-сы орта және 826-сы шағын кәсіпкерлікке жатады. Машина жасау саласы өнімінің негізгі тұтынушылары ­– мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» сатып алулары мен жер қойнауын пайдаланушылар нарығы. «Әділдік үшін айтайын, біздің өнімдерімізді мардымсыз көлемде немқұрайдылықпен алады, соған қарағанда формальді түрді есеп үшін, ал негізгі қымбат жабдықты шетелдік өндірушілерден алуға тырысады. Сондықтан мемлекеттік сараптама қайда қарайды, мемлекеттік сектор, «Самұрық-Қазына» мен жер қойнауын пайдаланушылардың тапсырыс берішулерінде анағұрлым қымбат жабдықты шетелден сатып алуға деген бекем ынта қайдан пайда болады деген сауалдар туындайды», ­– деді Марат Баққұлов.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий посттендерлік бақылау жүйесін дамыту мен жобаларды жергілікті қамту үлесімен толтыру тақырыбын қозғады. «Мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша көптеген шаралар қабылданып жатыр, алайда қазіргі жағдайда олар аздық етеді. Ішкі нарықты заңнамалық деңгейде қорғауда түбегейлі тәсіл керек. Егер жобалық-сметалық құжаттамада отандық материалдарға басымдық берілсе, мердігерлік мекемелер дәл сол материалдарды алатын болады, бұл жұмысты тұрақтандырады, тиісінше, жергілікті құрылыс материалдары өндірісін дамытады», ­– деп нақтылады Игорь Шацкий.

Сонымен қатар, кеңес барысында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің сатып алуларындағы мәселелер, жеңіл өнеркәсіп сатып алуларындағы түйткілдер жайлы айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір әкімдіктеріне Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жергілікті қамту үлесі бойынша комиссия құру тапсырылды, ал мемлекеттік органдарға айтылған мәселелерді анықтау жүктелді. «Атамекен» ҰКП бірге мемлекеттік салып алулар жүйесін жетілдіру бойынша бастаған ісімізді жыл соңына дейін тиянақтаймыз. Ашық әңгіме үшін алғыс білдіремін, бүгін өзекті мәселелер жайлы бүкпесіз айтыңыздар», ­– деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер