astana-view

Палата жұмысы тікелей эфирде

2017 жылғы 29 Наурыз
- Жамбыл облысы
8830 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова «77TV» телеарнасының тікелей эфирінде есеп берді

Өңірлік палата басшысы бір сағат ішінде жүргізушілер мен телекөрермендердің сауалдарына жауап беріп, 2016 жылы атқарылған жұмыстың есебі мен алдағы жылға арналған жоспармен бөлісті.

«2016 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына 7 459 өтінім түсті, оның ішінде 7219 өтінім экономикалық сипатта болса, 182-сі құқықтық, 58-і әлеуметтік тақырыпты қозғаған. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда өтінімдер саны артқан. Бұл облыстағы бизнес-қоғамдастықтың Палата жұмысына сенім артқанының белгісі», – деп атап өтті Қарлығаш Аралбекова.

Көрермендерді микронесиелеу сұрақтары қызықтырды – ауылдық жердегі, сондай-ақ ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру мақсатында 2016 жылы құрылған «Атамекен Тараз» шағын несиелеу ұйымы арқылы несие алу үшін қойылатын талаптар мен құжаттар қызықтырды. «Бүгінде шағын несиелеу ұйымы қаржыландыру үшін 34 өтінімді қарады. Несие комитеті жалпы сомасы 221,7 млн теңгеге 26 өтінімді мақұлдады. Оның ішінде Палатаның қолдауымен құрылған сүт беретін ірі қара мал басын көбейтуге арналған «Мерке өнімдері» ӘКК, «Ара-Тау» бал кешені» ӘКК, өсімдік өсіру, мал шаруашылығы, нан өнімдерін шығару және қызмет көрсету саласындағы жобалар бар», ­– деп атап өтті өңірлік палата басшысы.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы үшін маңызы тақырыптың бірі – өңірдегі туристік кластерді дамыту. «Палата туристік кластерді дамыту бойынша облыстық және аудандық Жұмыс тобын құрды. Туристік маңызы бар 48 нысанды аралап, ақау актісін дайындады», – деп түсіндірді Қарлығаш Аралбекова.

Өңірлік палата басшысының айтуынша, Жамбыл облысының кеңейтілген визиттік картасы жасалып, көршілес облыстарға жолданды; туристік маршруттар жасалып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы экскурсия басшыларын оқыту мәселесі шешілді; туризмді дамытуға Палата бастамасы мен облыстың әкімдіктің 41 млн теңге көлеміндегі бюджеттік тапсырыс бекітілді. Оның шеңберіне Туристік ақпараттық орталығы құрылды, сондай-ақ, төрт тілде туристік портал ашылды.  

Сонымен қатар, Палата директоры 2016 жылы инвесторларға арнап іске қосылған құрал туралы түсіндіріп өтті. «Бүгінде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында туризм, агроөнеркәсіп кешені мен қызмет көрсету салаларының 12,4 млрд теңге сомасында 10 жобасы енгізілді. Аталған жобалар бойынша инвестор іздеу, қаржы институттары мен қорлары арқылы инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп келеді».

Палата жұмысының тағы бір маңызды бағыты – жергілікті қамту үлесін арттыру. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2016 жылы Жамбыл облысындағы мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін бақылау бойынша Жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде Жамбыл олысы тауар өндірушілерінің материалдарын, тауарлары мен қызметтерін пайдалану 30,7 %-ға артты, бас мергігерлер жергілікті тауар өндірушілермен  жалпы құны 945,6 млн теңгеге 8 келісімшарт жасады; отандық жеткізуші-бас мердігерлер құрылымында 100% жамбылдық компаниялар бар. Сонымен қатар Өңірлік палата құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсетулерде жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік беретін Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлі мен автомобильдік жол басқармасымен, мемлекеттік нысан құрылысы бойынша бас мердігерлермен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.  

Өңірлік кәсіпкерлер Палатаның бизнесті қаржылай емес қолдауын жиі пайдаланады.  

«Жамбыл облысының 10 ауданы мен Шу қаласында жұмыс істеп тұрған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 6189 тұтынушыға 20 863 қызмет көрсеткен. Кеңес берушілердің сүйемелдеуінде аудандардан келген 823 жоба бар, олардың 2254,6 млн теңге сомасындағы 565 жоба бизнес жүргізу үшін қаржыландыру мен рұқсат құжаттарын алуға оң шешімін тапты. «Бизнес-Кеңесші» жобасымен 915 тыңдаушы оқытылды, ал «Бизнес-Өсу» – 120. Сервистік қызмет көрсету аясында 2016 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 2987 субъектісіне 4155 қызмет көрсетілді», ­– деді өз есебінде Қарлығаш Аралбекова.

Маңызды басымдықтың қатарында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бар. 2016 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына құқықтық сала бойынша 182 өтінім түскен. 22 сот процесі орын алды, оның 80 пайызы кәсіпкерлер тарапынан оң шешіліп, 38,7 млн теңге қорғалды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі 2016 жылы 5 жиын өткізіп, 11 өзекті мәселені қараған.

Бизнес өкілдері, колледждер мен мектептермен тығыз қарым-қатынастағы Адами капиталды дамыту бөлімінің жұмысы да жемісті. 2016 жылы дуальдық білім беру жүйесі бойынша Жол картасына 31 колледж енген. 29 мамандық бойынша 251 кәсіпорынмен 3 жақты 992 және 4 жақты 161 келісімшарт жасалды. Кәсіпорындармен басқару туралы екі келісімшартқа қол қойылды: кәсіпорынның 195 тәлімгері дуальдық білім беруге жетекшілік етеді, кәсіпорын жанынан 2 оқу орталығы ашылды.

Бөлім маман дайындауда 291 кәсіпорынның, 144 шаруа қожалығы мен 16 мемлекеттік органның сұранысын анықтап, 2711 орынды, оның 2531 орны 2016-2017 оқу жылына маман дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына енгізілген.

Өткен жылы Іскер әйелдер кеңесі белсенді жұмыс атқарған. Бүгінде барлық ауданда 90 кәсіпкер әйелді біріктіріп отырған бөлімшелері ашылды. Кеңес өткізген көшпелі жиындардың нәтижесінде қаржылай емес қолдау алған әйелдер саны артты: егер 2015 жылы 701 болса, 2016 жылы – 1126. Бизнес негіздерін оқып, біліктілігін арттырған әйелдер саны 296-ға жеткен. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 30,5 млн теңгеге 10 жоба іске қосылып, 18 жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 241,2 млн теңгеге 79 жоба мақұлданып, 112 жұмыс орны құрылды. Ал агроөнеркәсіп кешені саласында 71 іскер әйел 315,8 млн теңгеге жеңілдетілген несие алып, 95 жұмыс орнын ашты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, 2017 жылы басым бағыттар бйоынша жұмыстар жалғасын табады. Палата ауылшаруашылығы кооперативтерін дамытуға басымдық беруге ниетті. Әлемдегі минералдық тыңайтқыш шығаратын ірі «ЕвроХим» компаниясымен ынтымақтастық жұмысы жалғасатын болады. Аталған компания Сарысу ауданында тау-кен кешенінің құрылысын, Жаңатас қаласының  бас жобасын құрып әрі оны іске асырып келеді.

Есеп беру барысында сауалдар электронды почтаға да, тікелей эфир телефонына та толассыз түсіп жатты. Көрермендер бизнестегі құқықтық қорғау, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, салық мәселелеріне қатысты сауалдар жолдады. Келіп түскен барлық сауалдарға жауап беріліп, бақылауға алынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер