astana-view

Мемлекеттік тапсырысқа қалай енуге болады?

2017 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
5366 просмотров

Алматыда мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін мониторингілеу бойынша Комиссия отырысы өтті

Алматы қаласы әкімдігі мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуінде Алматы қаласы Құрылыс басқарамасы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының  сатып алулардағы мәселелері талқыланды.

«2017 жылы Құрылыс басқармасының бюджеті 50,5 млрд теңге, 81 жаңа нысанға 30,6 млрд теңге қарастырылған. Құрылысы жүргізіліп жатқан 75 нысанға 19,9 мрд теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін 1,9 млрд теңгесі жұмсалды, яғни 2017 жылға бөлінген жалпы соманың 3,8%. Сондай-ақ, 81 жұмыс пен 53 қызмет көрсетуге жалпы сомасы, ҚҚС қоса есептегенде, 41 млрд теңге көлеміндегі 134 мемлекеттік сатып алулар жарияланған. Атап айтқанда, Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, құрылыс, қайта құру, кешенді жөндеу, ғимараттар мен құрыстарды сейсмикалық нығайту, техникалық қадағалау бойынша қызмет көрсету бар», – деп таныстырды Алматы қаласы Құрылыс басқарасы бастығының орынбасары Азамат Рахимов.

Құрылыс басқармасы өкілінің баяндамасына қатысушылар көптеген сауалдар қойды. Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуларға қатысу сәтсіз екенін хабарлады.

«Біз жылдың басында Құрылыс басқармасына сұрау салдық, бізде алюминий радиаторларын шығаратын зауыт жұмыс істейді, 2016-2017 жылдарға арналған құрылысшылар тізімін алдық. Өндірушілер үшін жылдың басы мен ортасы қоймалық қор жинауға өте маңызды. Себебі алдағы уақытқа өзімізді жақсы танытуымыз үшін керек. Ал бүгінде үлкен мәселе туындап отыр, тізімдегі құрылысшыларға хабарлассақ, қытайдың арзан аккумуляторлары орнатылғанын немесе логистикасы қымбат келетін украиндық өнімнің алынғанын білдік. Біздің өніміміз бәсекеге түсе алатындай сапасы жоғары. Авторлық қадағалауға әсер ететін тетіктер бар, сметалық құжат дайындау барысында біздің өнімдер енгізілді ме?» – деп сауал тастады «Склад ОВ» ЖШС директоры Александр Болдырев.

Басқарма өкілі бұл сауалға жауап алу үшін мемлекеттік сараптамаға хабарласуды ұсынды. Онда отандық өндірушілер мен жеткізушілердің пікірі ескереледі. Өз кезегінде Алматы кәсіпкерлер палатасының басшысы Юрий Тілеумұратов осы бағытта атқарылған жұмыс жайына тоқталып өтті.

«Жобалық-сметалық құжат дайындау кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімін енгізу туралы хабардар еттік, жергілікті өнім өндірушілер тізімін дайындап жатырмыз. Жергілікті қамту үлесін тендер алды мен тендерден кейінгі бақылау үшін Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен тиісті келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Юрий Тілеумұратов.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев Құрылыс басқармасының мемлекеттік орандардың сатып алуларында жергіліктік қамту үлесін арттыру бойынша атқарған жұмысына көңілі толатындығын айтты. Сонымен қатар, ол әрбір басқармаға қойылған қазақстандық үлесті арттыру бойынша KPI туралы еске салды.

«Біз өзіміз үшін KPI қойдық, талдауларда көрсетіп отырмыз. Мысалы, былтыр мемлекеттік сатып алуларда отандық үлес 66% болса, биыл 74%-ға жетті. Орындамағы үшін жазалау туралы айтар болсақ, алдымен әрбір басқармаға жекелей талдау жасау керек. Көрсеткіштерді анықтап, Комиссияға қорытындысын шығарып, жүмыс тәртібінде әрбір басшыға жеткіземіз. Қазір талқылайтын емес, отандық өндірушілермен келісімшарт жасау мезгілі. Біз уақыттан қалыс қалып келеміз. Олар жалпы қаражаттың 3% игерді, алдағы уақытта көптеген тендер өткізіледі. Қазір келешектегі жұмыстың негізін қалау керек», – деп жауап қатты Алмас Мәдиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер