astana-view

Ауыл бизнесіне нақты көмек

2017 жылғы 12 Сәуір
- Павлодар облысы
8765 просмотров

Палата көмегімен Успенск ауданының  кәсіпкері 55 сиыр сатып алып, 200 га жер алған

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Успенск аудандық филиалының директоры Әсел Бижанова «Алишер и К» фермерлік шаруашылығын мысалға келтіріп, ауылдағы бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

 Директордың айтуынша Қабдолла Жұмадіров Палата қолдауымен 12 млн сомада несие алып, оған 55 сүтті бағыттағы ірі қара малды сатып алған. Сонымен қатар малды бағу үшін 200 гектарға тең жайылымдық жер алған.

Бастапқыда бизнес-идеяны жетілдіру кезеңінде фермерге ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлеге фермерлік шаруашылықты тіркеу, бизнес-идеяны жүзеге асыру, жер учаскесін алу және оңтайлы салық төлеу режимін таңдау бойынша көмек көрсетілді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Успенск аудандық филиалында ауыл тұрғындарының кәсіп бастағысы келеді, алайда оларға мемлекеттік қолдау тетіктері қол жетімсіз келеді. Бастапқы жарнаның жоқтығы, кепілзаттың болмауы, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттың болмауы соған себеп.

Аталған мәселелерге қарамастан Әсел Бижанова ауыл шаруашылығы қалыптасуында жақсы даму барын айтады. Мәселен, 2016 жылы филиалдың сүйемелдеуімен 15 шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылық құрылған. Аудан аумағында 660 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Палатаның міндетті ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдап, кәсіпкерлік әлеуетті көтеру.  Өткен жылы филиал көмегімен  32 ауыл тұрғыны 82,2 млн теңгені құрайтын сомада қаржыландыруға қол жеткізіп, 71 бизнес-жоспар құрылып, жалпы 480 өтінім берушіге 973 қызмет көрсетілген.  

Әсел Бижанованың айтуынша Палата былтыр құрылған Кәсіпкерлер кеңесінің ауыл тұрғындары үшін нәтижелі басқосу алаңына айналды.  Кеңес құрамында 7 бизнесмен бар, олар өз тәжірибелерімен бөлісуге, кеңес беруге, аудан бойынша кәсіпкерлікті қалыптастыруға қол ұшын беруге дайын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер