astana-view

Қазақстан мен Түрікменстан арасында сауда айналымы артады

2017 жылғы 19 Сәуір
- Астана қаласы
8188 просмотров

2016 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда айналымы  283 499 мың АҚШ долларын құраған

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою салтанаты өтті. Қазақстан тарапынан Келісімге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, түрікмен тарапынан Түрікменстан өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының төрағасы Александр Дадаев қол қойды.

Аталмыш Келісім Ақордада Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың Қазақстан Рсепубликасына келген ресми сапары барысында жасалды.  

 2016 жылы Қазақстан Республикасы мен Түрікместан Республикасының сауда нарығында тұңғыш рет Қазақстанға импорт көлемі Қазақстаннан экспорт көлемінен асып түсті. Ресми деректер бойынша 2016 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы сауда айналым 283 499 мың АҚШ долларын құраған (экспорт – 69 104,3 мың, импорт – 214 395 мың). Өткен жылмен салыстырғанда Түркменстаннан импорттау 3 есеге өскен.

Жаңа ынтымақстастық туарлы құжат көрші елдер арасындағы экономикалық өза әрекеттесу әлеуетін арттырады, әрі екі ел арасындағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды. 

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында әлемдік экономика мен саясаттағы қиын кезеңіндегі екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, жекелеген бағыттар, соның ішінде көлік-транзит және энергетика салалары бойынша мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл ретте басқа да салалардың зор перспективасы бар екеніне назар аударды.

 Г.Бердімұхамедов өзінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Екі ел президенттері халықаралық саясат, екіжақты ынтымақтастық, өңірлік өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түрікменстан Президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша сонымен қатар мынадай құжаттар қабылданды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Түрікменстан Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

– Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шарт;

– Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын белгілеу туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясы туралы келісім.– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттарды өзара сақтау туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама;

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Түрікменстан Қаржы министрлігі арасындағы қылмыстық жолмен түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісім;

– Астана мен Ашхабад арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер