astana-view

Елордада «ҚР аудиторлық қызмет және салық салу салаларындағы өзін-өзі реттеуді дамыту» тақырыбында конференция басталды

2017 жылғы 21 Сәуір
- Астана қаласы
5396 просмотров

Елордада «ҚР аудиторлық қызмет және салық салу салаларындағы өзін-өзі реттеуді дамыту» тақырыбында конференция басталды

Республиканың салық, аудит, заң салаларының білікті сарапшылары қатысып отырған шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр

Конференцияда аудит пен салық салудағы өзін-өзі реттеу бойынша халықаралық тәжірибе сараланып, осы бағыттағы Қазақстанның бүгінгі ахуалы талқыға салынады. Салық саласында сертификатталған жоғары білікті мамандар институтын қалыптастыру, салықтық әкімшілендіруде Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынысты жетілдіру мәселелері көтерілетін болады. Мамандар өз ойын ортаға салып, ұсыныстар легі топтастырылады.

Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, «Crowe Horwath» басқарушы серіктесі Альберто Симончини, «Аудиторлар коллегиясы» ЖАҚ Басқарма төрағасы Данияр Нұрсейітов және аудиторлық қызмет пен салық салу саласының өкілдері қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер