astana-view

ҚР Парламенті Мәжілісінде кәсіпкерліктің өзекті мәселелері талқылануда

2017 жылғы 28 Сәуір
6305 просмотров

«Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысында Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы, ағымдағы сын-тегеуріндері мен келешегі талқылануда

Жиын жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысып жатыр.

Жиын модераторы ­– «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин Фракция жиынын ресми ашып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев алғы сөз сөйледі.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев отандық тауар өндірушілерді қолдау және бәсекелік қабілетті арттыру тақырыбында баяндама жасайды.

Сонымен қатар, «Bastau Бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың артықшылықтары мен кедергілері тақырыбында баяндама жасап, жаппай кәсіпкерлікке баулу мәселесіне тоқталады.

«Bastau Бизнес» ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеруге бағытталған жоба. Елдің түпкір-түпкірінен іріктеп алынған 95 бизнес-тренер жоғары экономика мектебі негізінде екі апталық арнайы тренингтен өтіп, дайындығы мен біліктілігі ең жоғары 80 бизнес-тренер еліміздің 80 ауданына жіберілді.

30 күнге созылатын оқыту мерзімі 12 модульден құралады. Модульдер бизнесті енді бастап жатқан кәсіпкерлер үшін барынша пайдалы. Атап айтқанда, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспарлау, маркетинг, салық режимдері, өткізу нарықтары, құқықтық реттеуге қатысты барлық материалдар тәжірибелік тұрғыдан түсіндірілді.

Айта кетелік, Қазақстанның кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау жасалып келеді. "Бизнестің жол картасы 2020"  бағдараламысы аясындағы микронесиелеу  (6% жылдық мөлшерлемемен 10 млн теңгеге дейін), "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" аясындағы қолдау (5% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін), «ҚазАгро» ҰБХ құралдары (микронесиелеу орталықтары арқылы қаржыландыру 9,5/12% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін) тетіктері бизнесті қолдауға арналған.

Фракция жиынында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы «Қазақстан машина жасау одағының» мүшесі Марат Баққұлов, ал тандық тауар өндірушелердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы туралы «Атамекеннің» Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий баяндайды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер