astana-view

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Атамекен» ҰКП Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2017 жылғы 28 Сәуір
5574 просмотров

АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ауқымды баяндама жасалып, құжаттың жаңашылдықтары мен артықшылықтары айтылды

«Атамекен» алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойылған Келісім еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтасу мен жұмысты үйлестіруді нығайту базасын құрайды деп атап өтті.

Осы Келісім ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде ҚР АШМ және «Атамекен» ҰКП арасындағы стратегиялық әріптестік пен тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады. «Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетін ескере отырып, бұл ынтымақтастық отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, өндірісін арттыруға және сыртқы нарыққа шығуына ықпал етеді», – деді Вице-Премьер.

Шара барысында 2017 жылдың ақпан айында қабылданған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ауқымды баяндама жасалып, құжаттың жаңашылдықтары мен артықшылықтары айтылды. АӨК-ті дамытудың бағдарламасын әзірлеу сәтінен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен де, қайта өңдеушілермен де өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн.

Ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою – Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Келісім АӨК-ті дамыту саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша бірыңғай келісілген ұсыныстарды әзірлеуге, өнім және шикізат экспорты мен импорты мәселелерінде ұстаным қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өткізу жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Министрлік пен «Атамекен» Ұлттық палатасы бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне бірігуіне ынталандыруға, фитосанитарлық қауіпсіздік, республика аумағын ветеринарлық бақылау мен қадағалау жүйесін жетілдіруге, отандық өнім өндірісінің өсуіне жағдай жасайды.

Шара барысында су тасқынына зардап шеккен өңірлер жағдайы да сөз болды. Су тасқынынан болған салдарды ретке келтіру емес, мұндай тәуекелдерді алдын алуға әлде қайда аз шығын кететіні айтылды. Сонымен қатар, Келісім аясында АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіру, шағын және орта фермерлерді оқыту бағдарламасын іске асыру, техникалық базаны дамыту көзделген.

Сондай-ақ, осы Келісім аясында тараптар мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру жөніндегі 40-тан астам іс-шарадан тұратын бірлескен жоспарға қолдарын қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер