astana-view

Ірі монополист қарағандылық бизнес үшін тарифтердің мөлшерін азайтпақ

2017 жылғы 17 Мамыр
- Қарағанды облысы
6439 просмотров

«Қарағанды су» өз қызметі үшін тарифтерді азайтады 

Облыс әкімінің орынбасары Марғұлан Қарибеков жергілік монополист пен бизнес өкілдері келісімге келіп, сумен жабдықтау қызметі үшін баға төмендетілетін болды. Келесі жылы суды 5000 кубометрден аз қолданатын заңдық тұлғаларға тарифтер 23%-ға арзандайды. «Қарағанды су» компаниясы жаңа есептемені Өңірлік кәсіпкерлер палатасына ұсынды, өйткені Палата жергілікті монополийге қарсы сараптамалық кеңестің мүшесі.

Марғұлан Қарибеков комиссияның кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірінші отырысында «Қарағанды су» компаниясының бастамасын хабарлады. Әкімдіктің жанынан кеңес беру-талқылау органын құру туралы ұсыныс өңірдің жаңа басшысы Ерлан Қошановтың бизнес-қоғамдастықпен кездесу барысында айтылды. Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнеске кедергі болып жатқан бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Кездесуден кейін екі апта өткен соң алғашқы жағымды қадамдар жасалды.

«Су тарифтерінің төмендетілуінен басқа, жергілікті шаруа қожалықтарына жер жырту, егін егуге арналған  дизель жанармайы арзандылып беріледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инвестсубсидияларды беру науқаны басталды. Барлық берешекті мамыр айында жабамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді М.Қарибеков.  

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша Кәсіпкерлер енді басқа коммуналдық қызмет түрлері бойынша да тарифтердің төмендеуін қалайды.  Осы ретте облыс басшылығы бизнесті толықтай қолдап, қажетті келіссөздерді ұйымдастыруға дайын. Уақыт өте келе қарағандылықтар, мейлі кәсіпкерлер болсын, қала тұрғындары мен компаниялар болсын су кубы үшін бірдей тарифтер бойынша төлейтін болады. Бірыңғай тарифке көшу үдерісі кезең-кезеңмен іске асады.

Ал «Қарағанды су» ЖШС баспасөз қызметі қажетті өтініштер мен құжаттарды уәкілетті органдар мен сараптамалық кеңеске жолдайды, содан кейін қоғамдық таңдалым болады. Барлық ресми шаралар жасалған соң «Қарағанды су» тарифтердің төмендегені жайында хабарландыру береді.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер