astana-view

«Атамекен» мен көтерме сауда операторлары бірігіп, сауда саласын жетілдіреді - Қайрат Мәжібаев

2017 жылғы 18 Мамыр
- Алматы қаласы
5072 просмотров

«Атамекен» және ҚР Сауда желілері одағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және жақында ҚР Сауда желілері одағына төраға болып сайланған Александр Гарбер ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Айта кетелік, бір күн бұрын ҰКП Сауда комитеті бастамасымен ҚР Сауда желілері республикалық қауымдастығы өз жұмысын бастаған болатын. Қауымдастық сауда серіктестерінің мүддесін қолдауға, құқықтарын қорғауға, оларды мемлекеттік және басқа да алаңдарда сүйемеледуге дайын.

 «Атқарылып жатқан қызмет түрлерінің сапасы әлемдік экономика өсуіне тікелей әсер етеді. Барлық тараптардың мүддесі бір – компанияның Қазақстанды әлем нарығында танытуға, бәсекелік ортаға беймділігіне мүмкіндігі болуы керек.  Үкімет сауда саласын дамытуға бағытталған нақты бағдарламалар мен ұсыныстарды талап етеді, алайда әр операторды жеке тыңдауға мүкіндігі жоқ. Сондықтан осы салаға құрылымдар мен одақтар қажет. Соңғы уақытта, нақты айтқанда күзден бастап жеке операторлардың позициясын шоғырландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Көпшіліктің қаалуымен одақ құру ұсынылды, оның басшысы болып Александр Гарбер сайланды. Ендігі кезекте «Атамекен» ҰКП мен Одақ арасында келесімге келуді көздеп отырмыз. Осылайша бірігу арқылы, Үкімет алдына барып мәселелерді талқылауға бар күшімізді салмақпыз», – деді ҰКП Сауда комитеті төрағасы Қайрат Мәжібаев.

Келісім жасалған соң мынадай бағыттар бойынша жұмыс атқарылатын болады: ақпараттық пікір алмасу, яғни сауда желілерінің бірыңғй электронды базасын құру, мамандармен қамтамасыз ету және оның дамуы, оның ішінде қызметкерлерді оқыту. Сонымен қатар халық алдында әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, келісімдер шартын қатаң орындау көзделеді.

Осы құжат аясында тараптар мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға көмектесу, кәсіпкерлікті дамуына оңтайлы жағдай жасау, нормативтік-құқытқы актілерді жетілдіру, атқарылатын қызметтердің сапасын арттыруда халықаралық стандарттарды енгізу мен әзірлеу жұмыстарына атсалыспақ. 

ҚР Үкіметі пен жергілікті атқарушы органдар арасында әлеуметтік маңызы бар тауарларды реттеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта компаниялар өзін-өзі реттеуге атсалыспақ, яғни сөрелердегі тауарлардың таусылмауын қадағалау, баға белгілеуді реттеу, максималды табыстылықты көздемеуі қажет. Отандық тауар өндірушіге 30%-дан бастап белгілі мөлшерде сөрелер бөлу қараластырылуда. Өз алдына сауда желілері де кәсіпкерлерді қолдауға дайын, олардың өнімдерін өткізуге көмектеседі. Осы ұсыныстардың барлығы келісімде айтылған», – деді ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер