astana-view

Маңғыстау облысының Іскер әйелдер кеңесі уақытпен қатар жұмыс істейді – Лаззат Рамазанова

2017 жылғы 18 Мамыр
- Маңғыстау облысы
11855 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдері кеңесінің ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде Маңғыстауда үш қауымдастық тіркелді

17 мамырда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанованың қатысуымен Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің жиыны өтті.

2017 жылдың төрт айында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдасып атқарған жұмысының нәтижесінде Маңғыстауда 3 қауымдастық тіркелді. Атап айтқанда «Маңғыстау облысы киім дизайнерлерінің одағы», «Маңғыстау облысы интерьер дизайнерлері мен декораторларының одағы», «Маңғыстау облысының қолөнер шеберлерi одағы» өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, «Маңғыстау облысы кондитерлерінің гильдиясы» қауымдастығын тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова өзін-өзі реттеу туралы заң енді ғана қабылданғанын назарға ала отырып, Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесі уақытпен бірге жұмыс істейтіндігін ерекше атап өтті.

«Салалық кәсіби алаң құрудың маңыздылығы айқын және осы бағыттағы жұмысты күшейту Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің жүйелі әрі көреген саясатын танытады», – деп есептейді Лаззат Рамазанова.

Сонымен қатар Облыстық кеңестің белсенді мүшелері Гүлсара Жүнісова, Маржан Омарова, Әуес Сағынаева, Татьяна Пугачева мен Айгүл Ерғалиева «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі төрайымының атынан алғыс хатпен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер