astana-view

Астанада мал және құс шаруашылығына арналған «AGRIANIMALS.KZ-2017» халықаралық көрмесі өтеді

2017 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
5668 просмотров

Халықаралық «ExpoArna» көрме компаниясы 2017 жылдың 28-30 маусым күндері Астана қаласы «Көрме» орталығында өтетін мал және құс шаруашылығына арналған «AGRIANIMALS.KZ-2017» ІІ халықаралық көрмесіне қатысуға шақырады.

Мал мен құс шаруашылығына арналған «AGRIANIMALS.KZ-2017» халықаралық көрмесі – Қазақстанда мал шаруашылығы мен құс өсіруге арнайы өткізілетін бір ғана салалық іс-шара.

Көрме шетелдік және отандық компанияларға таныстырылым алаңын ұсынады. Онда мал шаруашылығымен, құс өсірумен айналысушылар озық технологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы, ветеринарлық жаңа препараттар, құрама жем, мал бағуға, мал басы мен құс санын арттыруға  арналған инновациялық шешімдер, келешекте өнімділікті арттыру мен асыл тұқымды малды жақсарту, осы саладағы мәселелерді талқылау үшін бас қосып, аграрлық бизнес-диалог орнатып, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мал және құс шаруашылығына арналған «AGRIANIMALS.KZ-2017» салалық көрмесіне келген қонақтар әлемдегі аграрлық жетістіктермен танысып, өндірушілерден тікелей кеңес алып, осы саладағы тың дүниелерге ие болады, сонымен қатар өз бизнесін дамыту әрі кеңейту үшін іскерлік серіктестерді табуға, семинарлар мен шеберлік-сыныптарына қатысуға мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама аясында түрлі конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Үй жануарларына аукцион, фермерлік өнімдердің жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Салалық «AGRIANIMALS.KZ-2017» көрмесіне Сіздің компанияңыздың қатысқаны біз үшін маңызды!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер