astana-view

Қазақстан кәсіпкерлері Қытай нарығына шығуға мүмкіндік алды

2017 жылғы 12 Маусым
5101 просмотров

2017 жылдың 1 шілдесінен 1 қазан аралығында «Қорғас» ШЫХҰ» аумағында «ЭКСПО ШЫҰ» алаңында қазақстандық өндірушілер тауарының көрмесі өтеді

Орта есеппен алғанда Қытай мен ШЫҰ елдерінен 100 мың қонақ келеді деп күтіледі. 2016 жылы шекара маңы ынтымақтастық орталығына 3 миллионнан астам адам барған. Оның ішінде 2,5 млн адам қытай тарапынан келген. Олардың қатарында жаңа ынтымақтастық іздеген кәсіпкерлер, туристер мен тұрғындар бар.

«Көрмеге қатысу Қытайдыың ауқымды нарығына өз өнімін таныстыруға мүмкіндік береді. «Қорғас» аумағында қазақстандық кәсіпкерлер өте аз. Жақында ресейлік өндірушілерден көрмеге қатысу туралы ұсыныс түсті. Отандық компаниялардың әлеуеті зор ғой. Кәсіпорынға көрсетілетін қызметтердің ішіне аудармашы бар. Ол іскерлік келіссөздер жасағанда көмектеді», – деп атап өтті ҚР ШЫҰ Іскерік кеңесі бағдарламасының жетекшісі Зарина Жансеркеева.

Сонымен қатар жетекшінің айтуынша, туристер қазақстандық азық-түлікке қызығады. Бірақ әр елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары әртүрлі. Бүгінде бірлескен Қазақстан-Қытай зертханасын ашу туралы мәселе қарастырып жатыр.

«14 мамырда екі ел арасында 100 мың тонна шошқа етін жеткізу туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстанда мұндай көлемде ет жоқ. Нарықты зерттей келе инвестор таптық, жоба дайындап, оны кешен салу үшін жер бөлетін әкімдікке жоладық. Кешеннің ішінде жем дайындайтын зауыт, етті қайта өңдейтін цех пен қи өңдейтін комбинат болады. Бұл «Қорғастың» іскерлік келісімге келу аймағына айналғанының жақсы мысалы бола алады», – деді Зарина Жансеркеева.

Спикер шекара маңы көрмесінің алыстығынан оны жалғасатындай етіп арнайы шешім шығарылды. «Қорғас» аумағында визасыз 30 күн болуға мүмкіндік жасалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер