astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бірлескен мәлімдемесі жасалды

2017 жылғы 14 Маусым
5870 просмотров

Сатып алуларда Отандық тауар өндірушілердің үлесі артады

14 маусымда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен брифинг өтті.

Екі ұйымның басшылары Қордың сатып алуларын жетілдіру аясында отандық тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттілігін арттыру мәселесі бойынша бірлесіп атқарылған жұмысының аралық қорытындысын шығарды.

Брифингте Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорымен тығыз байланыс орнатылып, сатып алуларға қатысты барлық мәселелерді шешу бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2017 жылы сатып алуларының жалпы көлемі 4,4 трлн теңге (2016 жылы бұл көрсеткіш 3,4 трлн теңге болған). Бұл қаражатты отандық тауар өндірушілерді қолдау мен жұмысын жетілдіруге тиімді бағыттауға болады. Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі жағдайында отандық тауар өндірушілерін қолдау – Қордың басым бағыттары болмақ», – деді Тимур Құлыбаев.  

Отандық тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттігін арттыру және Мемлекет Басшысының Жолдауын орындау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қормен бірге жаңа тәсілдер жасалды. Бұл халықаралық міндеттемелерін ескере отырып және Компаниялар тобының операциялық қызметін бұзбастан, қазақстандық тауар, еңбек пен қызмет жеткізушілерін қолдауға мүмкіндік береді.

«Еншілес тәуелді ұйымдардың бизнес-үдерістерін жетілдіру мақсатында Қорды трансформациялау аясында «Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі экономикалық күрделі кезеңде отандық тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет екенін түсінеміз, сондықтан қазақстандық бизнеске барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Қолға алынбақ механизмдер жалпы Қордың сатып алулардағы жұмысын жақсартып, кәсіпкерлерге ықпал жасайды деген ойдамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша Қордың бәсекелік сатып алулары тауар, жұмыс, қызмет көрсету бойынша жылдық көрсеткіші 1 трлн теңгені құрайды. Осы сома бойынша отандық тауар өндірушілер сатып алуларға қатысады. Ал  холдингтің ішкі сатып алуларында делдарға жол берілмейді. Өз алдына Қор тендерлерді жариялауда техникалық сипаттамаларды алдынала жариялайтын болады.  

Кездесу қорытындысы бойынша екі тараптың өкілдері Жол карталарын төменде аталған бағыттар бойынша бекітуді көздейтін Қосымша келісімге қол қойды:

1) алдын ала іріктеу жүйесіндегі отандық өндірушілердің басымдыққа ие болуы. Іріктеу таңдай кезінде жалпы рейтингтен балдық көрсеткішті 20%-ға ұлғайтатын Индустриялық сертификатын беру арқылы жүзеге асырылады;

2) тауар, жұмыс, қызмет көрсету бірыңғай номенклатуралық анықтамалықтың кодтау әдіснамасын сатып алуларда жетілдіру және маңызды жаңа кодтарды енгізу бойынша алқалық шешім механизмін енгізу;

3) тауар, жұмыс, қызмет көрсету тізбесін қалыптастыру арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ ішкіхолдингтік кооперацияны қысқарту, және аталған тізбеге сәйкес келмейтін сатып алуаларды бәсекелік ортаға беру;

4) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» сатып алуларына рұқсат жасау арқылы техникалық сипаттамысын бір жеткізушіге лайықтап жасауға қарсы бақылауды күшейту;

5) Қор компаниялары мен алдын ала біліктілік іріктеуінен өткен отандық тауар өндірушілері арасында өндірісті модернизациялау бойынша кері талаптарды міндетті қоюмен ұзақмерзімді келісімшарттарды жасау.

Алдағы уақытта  «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп қайталанатын кодтарды алып тастау мақсатында Анықтамалыққа толық қанды тексеру жасалады.   Тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің Бірыңғай номенклатуралы анықтамалықты қалыптастыру әдіснамасы қайта қаралады. Жаңа кодтарды енгізу бойынша шешемі қабылдаудың алқалық механизмі енгізу жоспарланған.

Аталған жұмыста орындау арқылы Тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің Бірыңғай номенклатуралы анықтамалығын қолдану аясын кеңейту маңызды. Ол басқа да сатып алуларда (жер қойнауын пайдаланушылар, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополийлер субъектілері) қолдану да көзделген.

  «Атамекен» Үкімет пен әкімдіктермен бірлесіп, өңірлер ерекшелігіне сай шынайы отандық тауар өндірушілер тізбесін қалыптастырады. Дәл осы формат отандық тауар өндірушілердің сатып алуларға қатысуын қамтамасыз етеді.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер