astana-view

ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабы неге алынып тасталды?

2017 жылғы 17 Шілде
- Астана қаласы
9779 просмотров

2017 жылдың 13 шілдесінде ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертулер күшіне енді

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің мүшесі Гүлмира Шажанбаева қылмыстық жазалаудан жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастау туралы өз пікірін айтты. 

«Кәсіпкерлерге жеңіл ақша табу, салық төлеуде үнемдеуге қызығуда қарсы тұру қиын. Қылмыстық кодекске өзгерту енгізіліп, 215-бап мүлдем алынып тасталды. Осылайша адал кәсіпкерлерге бір қадам жағдай жасалды. Өйткені жалған кәсіпкерлердің әрекетін айшықтауда тергеу мен жазалауға адал кәсіпкерлер де ілініп кететін. Енді алынып асталағн баптың бастапқыда не үшін кодекске енгізілгенін саралап көрелік. Кәсіпкерлер бастарын неге қатерге тігеді, оларды қылмыс жасауға не итермелейді?

Ең бірінші себеп – кәсіпорынға түсетін салықтық ауыртпалықты азайту. Еуропаның өркениетті елдерінде бұл мәселенің залалы аз. Неге? Заңдары қатаң ба? Заңдар бізде де қатаң. Еуропалықтар шын мәнінде заңға қарсы шықпайды ма? Бұл тұжырым шындыққа жанасады. Ал посткеңестік кеңістікте өмір сүрген халықтар қатаң жоқшылықтың қыспағында болған. Сондықтан экономикада түрлі айла тәсілдер қолданып салық төлеумеу үрдіске айналған. Бүгінде заң бұзып, айла қолданып салықты төлемеуден жалтару барлығынің бірдей қолынан келе бермейді. Жалған кәсіпкерліктің сызбасы мынандай контрагент  алық заңын  бұзып (ҚҚС 12% Корпоративті табыс салығы 20%), салық төлемеу мақсатында жалған кәсіпкерге қолма қол ақшаны шешіп беруді өтінеді, осы жұмыс үшін 5-7% сыйақы төлейді.

Осылайша мемлекеттік қазынаға төленбеген салық ретінде залал жасалады. Контрагенттер  заңнама талаптарын бұзып, жалған кәсіпкерлермен жалған келісімдер жасаған. Осы келісімдер бойынша нақты тауарлар жеткізілмеген, қызметтер көрсетілмеген, өйткені көп жағдайда жалған кәсіпкерде шарттық міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық база болмаған. Дегенмен мұндай жағдайлар контрагенттері мүлде үйрейлендірмеген, жылдан жылға аталмыш «келісімдер» саны артып кеген. Жалғанкәсіпкерліктің ең кқп таралған түрі  – нақты жұмыстың болмауы, яғни кәсіпорын ешқандай өнім шағрамайтын, жұмыс жасамайтын, қызмет көрсетпейтін. Демек жалған кәсіпкерлік қоғамдық қажеттілікті орындау емес, жеңіл табысқа ие болуға негізделген. Кәсіпорында тіпті қандай да бір қызмет түрі орындалып, өнім шығарылса да бұл әрекеттер қылмысты жасыру үшін ғана жасалған. Осылайша кәсіпорын қоғамда сенім арттыру үшін осындай әрекеттерге барған. 

 ҚР Қылмыстық кодексіндегі алынып тасталған 215-бап жалғанкәсіпкерлік ұғымын кәсіпкерлік қоғам мен мемелекет дамуына кері әсер ететін жұмысты атқармай коммерциялық ұйымды құру, заңсыз несиелерді алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайданы көздеу немесе тиым салған кәсіпкерлікпен жасырын айналысу деп түсіндірген. Бұл бап бойынша қылмыстық жазаға кәсіпкерлермен шарт жасасқан жалған тұлғаларға қолданған, олар жалған шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерін басқа да бухгалетрік құжаттарды жасаған. Ал шын мәнінде жазылған құжаттар бойынша, шарттарда көрсетілген ешқандай жұмыс жүргізілмеген, тауарлар жеткізіліп, қызмет атқарылмаған.  Жалған кәсіпкерлік үшін қолданылған жаза қылмыс ауырлығына байланысты 2000 АЕК-ке дейін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер