astana-view

Тауық етінен дайындалған фастфуд зиянды ма?

2017 жылғы 25 Шілде
5168 просмотров

Ресейлік ғалым құс өсіру бойынша семинар өткізді

«Атамекен» ҚР ҰКП «Агробіліктілік орталығы» агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандардың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізіп келеді. Семинарлар ақпараттық-консультативтік және білім беру қызметі арқылы ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында шетелдік мамандар шақырылып келеді. Бұл ретте Астанаға биология ғылымдарының докторы, профессоры Тамара Окмолова Ресейден келді. Маман құс шаруашылығы саласында қызмет етеді.

«Құс шаруашылығымен айналысатындардың ортақ мәселесі бар – шикізаттың сапасы». Мал азығындағы фосфор көрсеткішін бақылауда ұстау керек. Егер бұл монокальцийфосфат (ауыл шаруашылығында мал азығын байыту және теңдестіру мақсатында фосфор мен кальций қосады) болса, ол МЕМСТ барлық стандартына сай болуы керек. Жемдеу жүйесінде бұрындары – балық ұны деген болатын. Кеңестік уақытта қажетті деңгейде болатып, оны ешкім бұрмалауды ойламайтын. Бүгінде ресейлік нарықта да, Қазақстанда да сапалы балық ұны аз. Сондықтан балық ұнындағы ақуыз емес азот байланыс мұқият тексеріп, жасұнықтың (өсімдік өзегінің) болуына тест жасаңыз. Әр жемдік заттың мемлекеттік стандарты бекітілген. Керемет зертхана болуы міндетті емес, бақылаудың қарапайым құралдарын қолыңызда болса жеткізілікті», – деп түсіндіріп өтті ресейлік ғалым.

Балық ұны – балық, құс, мал шаруашылығында қолданылатын, өсімдік азықтарын құрамында мөлшері аз болатын протеинмен жабдықтайтын диеталық қоспа. Балық ұны протеин және амин қышқылының құнды көзі.

Сондықтан оны мал басын өсіру мақсатында пайдалануға болады. Балық ұны- жоғары сапалы қоспа протеиннің, омега-3 DHA және ERA мол май қышқылдарымен байытылған майдың бағалы көзі болып табылады. Балық ұнының протеині үлкен көлемдегі негізгі амин қышқылдарынан тұрады: метионин, цистин, лизин, треонин және триптофан.Балық ұны – энергияның байытылған көзі. Құрамында 70%-тен 80%-ға дейін протеиндер және сіңімді майларға ие бола отырып, балық ұнының энергетикалық қайтарымдылығы басқа протеинді  өнімдерге қарағанда анағұрлым жоғары.

Сарапшы маман Қазақстандағы құс шаруашылығының ерекшелігі туралы баяндады.

«Агробіліктілік орталығы ұйымдастырған семинарлар аясында Шығыс Қазақстан облысында болдым. Оқыту барысында ветеринар дәрігермен бірге өлген құстарды сойдық. Қандай да бір ауру бары анықталмады. Ресейде құс бронхиті, Ньюкасл дерті кең таралып отыр, тіпті құс тұмауы да шыққан уақыт болды», – дейді Тамара Окмолова.

Сонымен қатар ғалымның айтуынша, Америкада, Шығыс Еуропа елдерінде құстың төс еті көп пайдаланылады. Ал Ресей мен Қазақстанда құстың сан етіне сұраныс мол.

«Бұрын, яғни кеңестік уақытта бір облыстың өзінде кемінде жұмыртқа шығаратын 10 және бройлерлік тауық өсіретін 10 фабрика болушы еді. Ал бүгінде небәрі 2-3 фабрика жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш Қазақстанда қой мен жылқы етіне деген сұраныстың жоғары болуынан деп ойлаймын», – деп есептейді маман.

Тамара Окмолова Өскемен, Семей, Шымкент қалаларында семинар өткізді.

«Азықтандыру тақырыбын қозғай отырып, құс шаруашылығында технологиялық кемшіліктер туралы айта кеткен абзал. Мысалы, торда өте көп балапан болса, күштілері әлсіздерін итеріп тастап, дән-жемге тезірек жетеді, көбірек тамақтанады. Ал қалғандары әйтеуір тырмысып жатады. Сондықтан уақытында жұмыртқа баспайды. Сондай-ақ санитарияны да сақтау керек. Қанша жерден сарай болса да, ішінде ауа температурасы мен ылғалдылық тиісті деңгейде болуы керек», – деп түсіндірді профессор.

Ресейлік сарапшы маман тапшылығы да мәселеге айналғанын айтты. Білікті мамандар аз. Сонымен қатар ақпараттың тапшылығы да дамуға кедергі келтіреді. Осы мәселеде Агробіліктілік орталығының алар орны ерекше.

«Шетелдік нарықта бізде шығарылатын етке сұраныс жоғары. Мысалы Қытай мен Иран тауық пен қой етін алуға дайын. Табиғи, экологиялық таза болғандықтан құнды. Мысалы, фастфудта өзімізде өсірілетін тауық еті пайдаланылады. Өнім ретінде қауіпсіз. «Қоспалардан кейін фастфуд пайдалы ма?» деген сауал ғана туындайды», – дейді «Қазақстан құс өсірушілері одағы» орталығының маманы Қуандық Елубаев.

Қазақстан мен Ресейдің арасында құс өсірудің ауқымы мен саны бойынша айырмашылық жоғары. Ресейдегі бір фабрика Қазақстанда жыл бойы шығаратын көлемді өндіре алады. Бірақ жалпы алғанда балапандарды бағу мен ондағы мәселелер ұқсас.  

Тамара Окмолова семинарлар жеке фермерлік шаруалықтар үшін маңызды екенін атап өтті.

«Мысалы, бір шаруа өткізу нарығын білмейді, кәсіпкер тұтастай етін сатқысы келсе де сата алмады. Келесі бір кәсіпкер ол етті бөлшектеп сатуға кеңес берді делік. Осылай жасағанда сатып алушы табылуы мүмкін», – дейді ресейлік маман.

Жалпы алғанда, семинарлар жеке шаруалар үшін қызықтырған әрі мазалаған сауалдардың жауабын тауып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер