astana-view

Тиімді шешімдер: іскер әйел арманына қол жеткізді

2017 жылғы 04 Тамыз
- Павлодар облысы
4677 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы Екібастұз кәсіпкеріне идеясын жүзеге асыруға көмектесті

 Демалысты жақсы өткізу немесе достармен әдемі жерде көңіл көтеру кез келген адамды ойландыратыны сөзсіз. Жақсы демалысқа жайлы орын, дәмді асхана, сапалы қызмет көрсету сынды критерийлердің бәрі керек.

 Жуырда Екібастұз қаласында «Аура» атты жаңа кафе қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты. Кафе қала орталығында орналасқан, иесі Шолпан Сүбекованың айтуынша жазғы кафе ашу идеясы екі жыл бұрын туған. Өйткені жұмыс істеп тұрған кафені ұлғайту қажеттілігі болды. Ал идеяны жүзеге асыру «БЖК-2020» мемлекеттік бағдараламасы арқылы мүмкін болған.

«Біздің қалада дәмді стейк дайындайтын орындар саусақпен санарлық. Біздің кафе қонақтардың көғілінен шығып отыр», – деді бизнесвумен.

Кафенің артықшылықтары – орналасу жері, арзан бағалар мен дәмді асхана.

Кәсіпкердің айтуынша идеяны жетілдіру, бизнес жобаны сүйемелдеуде ӨКП Екібастұз аудандық филиалы қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Тиімді бизнес-жоспар құру,  несиені рәсімдеуге қажетті құжаттар топтамасын әзірлеуде, сонымен қатар жазғы кафе ашу үшін жер телімі алуда Палата қызметкерлері қызмет атқарған. Бүгінде кафеде тұрақты 7 жұмыс орны бар.

  «Менің көптен бергі арманым орындалды! Мен кәсібімді ары қарай да жетілдірмекпін», – дейді іскер әйел. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер