astana-view

Шаруаларға органикамен айналысуға не кедергі?

2017 жылғы 10 Тамыз
- Жетісу облысы
5157 просмотров

Жетісу кәсіпкерлерін ауыл шаруашылығында органикалық өнім өндіруге шақырды

Талдықорғанда экологиялық таза өнім өсіру мәселесі талқыланды. Жасыл экономика мен G-Global-ды дамыту коалициясының өкілдері, сарапшылар, тәжірибелі кәсіпкерлер органикалық өнім алу мәселесін көтерді. Сарапшылардың айтуынша, Алматы облысында осы саланы дамытуға әлеует зор. Аграрлық өңірде химиясыз өндіріс жолға қойылған. Бүгінде Жетісу өңірінде органика бойынша 7 өндіруші-кәсіпорын мен 2 қайта өңдеу өнеркәсібі бар. Қазақстан бойынша 300 мың гектар жер «100% organic» маркасымен сертификатталған. Сертифкатталған 30 компания өнім шығарып отыр. Екі жыл бұрын отандық органикалық өнімнің экспорты 5 млн доллар болған.

Экологиялық өнімді қолдаушылар агроэко саласының мәселелері ақпарат таратудың төмендігі және бизнес пен ғылымның өзара байланысының жоқтығынан туындап отырғаннын айтты.

ҚазҰАУ жанындағы Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директоры Нұржан Сәрсембаева органика орталықтары мен кооперативтерін құрудың артықшылығы туралы айтып, органикалық балық шаруашылығы өнімдерін өндірудің келешегіне тоқталды.

«Еуропалық одақ органикалық теңіз өнімдерін таңбалауға қатысты жаңа талаптарды енгізді. Енді техногендік факторлардың әсерімен ауланған өнімдер органик терминімен белгіленбейді. Қазақстанда әзірге халықаралық стандартқа сай балық шаруашылығында органикалық өнім шығарылмайды, дегенмен елімізде табиғи жағдайлар баршылық. Елімізде балықтың 80% импорттың үлесінде, осы саланы қолдаудың жүйелі шаралары жоқ, балық шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі төмен», – деп атап өтті Нұржан Сәрсембаева

Ғалымдар таяу уақытта Ұйғыр ауданындағы «Tengry fish» балық шауаршылығы базасында органикалық жем өндіретін цехты іске қоспақшы. Шаруашылықта теляпия мен африкалық сом өсіріледі.

Кездесу барысында отандық өндірушілерге артықшылықтар мен жеңілдіктер беру, органикалық өндірушілерге 5 түрлі субсидия енгізуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Украина органикалық қозғалысы федерациясының атқарушы директоры Андрей Коняшин айтып өткендей, Еуропа елдерін, оның ішінде Украинада дамытудың барлық шаралары қолданылған және заңнамалық база мен өндірушілерге қолдау көрсету арқылы тиімді жасыл бизнесті жасай алған. Украинада ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы ауданының 1,1% – сертификатталған органикалық егістік. Экспортқа дәнді, бұршақты, техникалық және майлы дақылдар мен қайта өңделген азықтар шығарылады.

Андрей Конюшиннің айтуынша, Қазақстанда ауылдағы кәсіпкерлер арасында ақпараттық жұмысты қарқынды жүргізіп, арнайы басылымдарды шығарып, сертификаттау орталығын құрып, органикалық азық-түлік сатылатын арнайы дүкендер мен супермаркеттер ашу керек.

«Мұнымен қоса өсімдіктер мен жануараларды биологиялық қорғау секторын биологиялық құралдарды пайдалана отырып дамытқан маңызды. 2013 жылдан бастап біздің бастамамызбен жалпыукраиналық органикалық апталықтар, халықаралық конференциялар мен өзге де шараларды ұйымдастырып келеміз. Бұл мемлекет пен қоғам, бизнестің назарын аударады», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, шара барысында Алматы облысы Жасыл технология орталығының басшысы, «EcoFermer» шаруа қожалығының жетекшісі Денис Тен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол өзінің 25 сотық егістік жерінде бірегей ферма салып, әрбір бөлігіне инновациялық технологияны енгізген.

«Біздің ферма экоферма деп саналады, ешқандай химияны пайдаланбай, тек органиканы қолдану қағидасын ұсынамыз. Бұл үшін 2014 жылы ферманың барлық органикалық қалдығын қайта өңдеу үшін және «БиоГумус» тыңайтқышын өндіру үшін Америкадан калифорниялық құрт әкелінді. Себебі ферма жері бастапқыда саздақ болған, мұнда ешқандай көкөністер мен жемістер өспейтін», – деп атап өтті Тен.

Бүгінде EcoFermer калифорниялық құрттың 5 млн аналық басын өсірді, Қазақстанның барлық аймағына жеткізіледі, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне де жеткізіледі. Алматы мен Алматы облысындағы балық шаруашылығына арналған дүкендер де сатып алады. Шаруашылықта 1500 бөдене өсіріліп, оның және тауықтың жұмыртқасы инкубацияланады. Былтыр экофермада жаңа бағыт ашылды – еңбек шығынын азайту, үй жануарларын бағуды жақсарту, сондай-ақ экофермадан шығатын иісті кетіру үшін ауыл шаруашылығында бактерияларды қолдана бастады.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Дәурен Оңалбаевтың айтуынша ауыл шаруашылығын дамытудың артықшылығы мен келешегі жайында толық мағлұмат алмаған.

«Органикалық өнім шығарудың табысы мол, тиімді бизнес. Әлеуметтік сауалнама қорытындысында тұтынушылар үшін бағасына қарағанда сапасының жоғарылығы маңызды екені анықталды. Халық экологиялық таза өнім алуды қалайды, Органикалық өнімдер нарығында отандық өндірушілердің үлесі аз. Сондықтан өз кәсіпкерлеріміздің даму мүмкіндігі зор», – деп атап өтті Дәурен Оңалбаев.

Ең көп қолданылатын органикалық өнімдердің қатарында балалар тағамы, көкөністер мен жемістер, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ ет пен ет өнімдері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер