astana-view

Жұмысты жұмылып істеу тиімді

2017 жылғы 11 Тамыз
3916 просмотров

Қауымдастықтар мен құрылымдық бөлімдердің бірлескен жұмысы талқыланды  

9 тамыз күні «Атамекенде» Заңнама және өзіндік реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанованың жетекшілігімен Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың қатысуымен  селекторлық жиналыс өтті. Шараға 30-дан астам қауымдастық қатысты.

Шара барысында нормативті құқықтық актілер жобаларына сараптамалық қорытынды беру бойынша қауымдастықтар мен «Атамекен» ҰКП құрылымдық бөлімшелері арасындағы байланыс жайында талқылау өтті.
Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП тарапынан келіп түсетін нормативті-құқықтық актілер жобалары бойынша мерзімдерді белгілеу мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Қауымдастықтар өкілдері нормативті құқықтық актілерді қарастырудағы «Құқықтық актілер туралы» Заңында белгіленген қысқа мерзімді ұстану мүмкін емес екенін айтты.

Заң шығарушылық  – бұл статистиканы зерттеу, мониторинг пен салыстырмалы талдау жүргізу, құқық қолдану тәжірибесін жинақтау және басқа да шараларады талап ететін күрделі процесс. Мұның бәрі заңдарды сапалы қабылдау үшін жасалады.

«Мерзімдерді белгілейтін заңнама талаптары қауымдастықтардың нормативті-құқықтық актілер жобаларына қатысты берген ескертпелер мен ұсыныстары сапасына әсер етпеуі керек. Сондықтан НҚА жобаларын әзірлеуде кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыс істеуіне күш салу керек», – деді Айжан Бижанова.

Жиналыс  құрылымдық диалог түрінде өтті, жұмыстың тиімдлігін арттыратын ұсынымдар жасалды. Олар «Атамекен» және қауымдастықтармен жүзеге асатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер