astana-view

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік - жаңа ынтымақтастық

2017 жылғы 16 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4573 просмотров

Бұл – мемлекет пен жекеменшік сектордың арасында инфроқұрылымдық және қоғамдық қызмет көрсету жобаларын (білім, денсаулық, ТКШ, энергетика және көлік салаларында) іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық. 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (әрі қарай МЖӘ) бойынша жалпы сомасы 273,3 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба іске асуда. Оның ішінде 18 –  білім, 3 – денсаулық сақтау, 3 – көлік және логистика, 2 ТКШ (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы), 2 – қоғамдық тәртіпті күзету, 1 – агроөнеркәсіптік кешен, 1 – мәдениет және спорт, 1 – энергетика, 1 – құрылыс саласындағы жобалар.

Жобалардың қазіргі жай-күйіне тоқталсақ:
- 9 жоба бойынша жекеменшік әріптес анықталды
- 3 жоба бойынша конкуртстық процедуралар жүргізілуде
- 20 жобаның құжаттары жасақталып, Концепциясы келісілуде

Осы орайда МЖӘ аясындағы ҚР Ұлттық кәсіпкелер палатасының қызметтерін атап өтейік:

1. МЖӘ жобаларының концепциясына сараптамалық қорытынды дайындау.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы 16 жобаның Концепциясына сараптамалық қорытынды әзірледі.

2. Ықтимал жекеменшік әріптестердің реестрін жасақтау
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы ықтимал жекеменшік әріптестердің реестріне қосуға 12 қорытынды құжатты әзірлеп, бұл тізімді интернет-ресурстарына енгізу мақсатында Ұлттық Палатаға жөнелтті. Олар:

1. "Хазар Мұнай Газ Құрылыс" ЖШС
2. "АРАС-Актау" ЖШС
3. "Ғимарат 01" ЖШС
4. "Ай-Мур стройсервис" ЖШС
5. "Альянс Ойл сервис" ЖШС
6. "AktauStroiGroup" ЖШС
7. "Кеңес-құрылыс фирмасы" ЖШС
8. "Меңді" ЖШС
9. "Керуен" ЖШС
10. "МегаСтройСервис" ЖШС
11. "Global Transport Service" ЖШС
12. ЖК Нуртаева М.А.

3. Жекеменшік әріптестерді анықтау үшін өтетін комиссия отырыстарына қатысу 
Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі МЖӘ жобасы аясында ықтимал жекеменшік әріптестерді іріктеу комиссиясына мүше болып енді.

МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:
«Archimed» ЖШС директоры Тілепов Нұрлан Серікұлының МЖӘ механизмдерін қолдана отырып жобасын жүзеге асыру бойынша жазған өтініші қаралып, жобаны жергілікті атқарушы органдарында талқылауға мүмкіндік жасалды. Одан бөлек, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы қолдауы арқасында МЖӘ бойынша жеке кәсіпкер Жалымбетовке Жаңаөзен қаласында медициналық-сауықтыру орталығының құрылысын салу үшін жер учаскесі бөлінді. 

Қазіргі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ақерке» медициналық орталығының директоры Сара Дусипованың МЖӘ арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырған шипажай орталығының инвестициялық жобасы қарастырылуда. Осыған орай кәсіпкерлер палатасы тарапынан облыстық туризм және денсаулық басқармаларына хат жолданды.

МЖӘ бойынша қандай да бір кеңес алуға немесе сұрақтармен, Маңғыстау облысы КҚКО хабарласыңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер