astana-view

Энергетика саласына «бір терезе» қажет

2017 жылғы 18 Тамыз
4518 просмотров

Энергетика мен сот актілерінінің орындалуында сыбайлас жемқорлық қатерлері талданды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Атамекен ҰКП  бірлесе ұйымдастыруымен энергетика мен сот актілерінің орындалуы саласындағы жемқорлық   қатерлерін талдау қорытындыларын аяқтау бойынша бейне байланыс арқылы  селекторлық кеңес өтті.

Жиында кәсіпкерлер мен табиғи монополиялар субьектілері арасындағы түйткілді мәселелер және  сот актілерінің орындалу мәселелері қарастырылды. 

Селекторлық кеңеске «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Р.Жүрсінов,   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаев,  ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Әділет министрлігінің вице-министрлері және  қоғамдық бірлестіктер мен  бизнес қауымдастық мүшелері қатысты.

  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Ұлттық палата 2015-2016 жылдары  атқару өндірісіне қоғамдық мониторинг жүргізгені жайында хабарлады. «Мониториг нәтижесінде атқару өндіріснде оң серпін байқалады. Мәселен, атқару өндірісінде 2016 жылы 24 млн теңге сомасын құрайтын құжаттардың жоғалуы бойынша 62 атқару құжат болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 32-ге қысқарды. 2017 жылдың 1-тоқсанына сәйкес мұндай фактілер тіркелген жоқ», – деді Рустам Жүрсінов.

Спикердің айтуынша осыдан екі жыл бұрын сот орындаушылардың кәсіпкерлер алдындағы берешегі 200 млрд теңгеден астам соманы құраса, 2017 жылдың 1 тоқсанында бұл көрсеткіш 1 млрд 540 млн теңгеге дейін азайған.  «Осындай оң динамиканың қалыптасуы жеке сот ұйымдарының жұмысымен байланысты деп ойлаймыз, өйткені Әділет министрлігі бұл бағытта дұрыс қадамдар жасап келеді. Сондықтан сот жұмыстарын жекенің қолына беруді жетілдіру керек, алайда теңгерім болмаса, жеке ұйымдар да сыбайлас жемқорлыққа бастайтын сызбаларды іске асыруы мүмкін», – деді Рустам Жүрсінов.

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаев Әділет министрлігіне түсетін  әрбір арыздың екіншісі сот актілерінің орындалуына қатысты екенін хабарлады. Ресми деректерге сәйкес орындалған өтінімдердің саны 43% құраса, орны толтырылған залалдың сомасы 38%-ға тең. Сонымен қатар сот орындаушылардың кейбір істерді созып, жүріп алатындары айтылды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей аумақтық бөлімінің орындалуында 2010 жылдан созылып келген істер бар. Спикер айтуынша сот орындаушыларының заңсыз баюына әкелетін әдістердің ішінде – мүлікке тыйым салу. Сондықтан сот актілерін орындау функцияларын жеке ұйымдарға беру ұсынылды.   

Шара барысында Қостанай облысы кәсіпкерлік палатасы мамандарымен сот актілерінің орындалуы саласындағы жемқорлық белгілерін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг нәтижесі баяндалды. Қостанай облысы бойынша сот актілерін орындалуына қатысты Палатаға түскен кәсіпкерлердің өтінімдері талданып, қолданыстағы заңнамаға сараптама жасалды.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика саласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар жұмысына қоғамдық мониторинг өткізді. Атқарылған шара бойынша есеп берілді.

Бірінші бөлім бойынша мәселені шешудің бір жолы ретінде жеке сот орындаушыларды сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектілеріне теңестіру қажеттілігі ұсынылды.

Екінші бөлім энергетика саласындағы сыбайлас жемқорлық қатерлерін  азайту үшін «бір терезе» қағидатында жұмыс істейтін бірыңғай энергия қызметін көрсету орталығын құру, сонымен қатар, монополистер қызметінің ашықтығын жоғарылатуға мақсатталған аумақтық «қуатты картасын» әзірлеу және негізсіз бас тартуды алып тастауға бағытталған ұсыныстар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер