astana-view

Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтеді

2017 жылғы 22 Тамыз
4258 просмотров

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумын өткізу жоспарланып отыр

Шараның ұйымдастырушысы: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы; Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл.

Форумның бағдарламасында екі ел кәсіпкерлерінің заңды мүдделері мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты талқылау, Ресей мен Қазақстан бизнесінің арасындағы әкімшілік және құқықтық кедергілерді анықтап, кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауда ҚР мен РФ бизнес-омбудсмендері арасындағы қарым-қатынастың бағыты мен тәртібін анықтау қамтылған.

Форум жұмысына қатысуға кәсіпкерлер, РФ бизнес-омбудсмендері (РФ-ның 82 өңірі), Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының өңірлердегі бөлім меңгерушілері, ҚР өңірлеріндегі кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағалары, бизнес-қауымдастықтардың басшылары, сонымен қатар, ҚР мен РФ-ның бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары шақырылды.

Қосымша ақпарат алу үшін 112@palata.kz электронды поштаға жазуларыңызға болады.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер