astana-view

Кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына қатысты

2017 жылғы 23 Тамыз
- Маңғыстау облысы
10478 просмотров

Жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, оқу-құралдары, мектеп формасын беру арқылы жәрдемдесуге бағытталған түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Республика деңгейінде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы – оқу құралдарын түгендеп, жаңа оқу жылының дайындығына үлес қосатын ерекше шара. Осындай игі шараның бірі Маңғыстау облысында өтті.

Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен  Маңғыстау ауылындағы №5 мектептің оқушыларына көмек көрсетілді.

Кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажетті құралдарды сыйға тартты.

Ата-аналар демеушілік білдірген «Айшат», «Дәстүр» және Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалына алғыстарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады.

«Біз балаларға көмегіміз тиіп, олардың жүздеріне қуаныш ұялатқанымызға өте қуаныштымыз. Әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді «Айшат» мейрамханасының өкілі Гүлнар Арбалиева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер