astana-view

​Қаржы министрлігі сауалдарға жауап берді

2017 жылғы 25 Тамыз
5064 просмотров

Бизнес-қоғамдастық қаржы есебі мен аудитке алаңдаулы

Еске салсақ, 2017 жылдың 26 маусымында «Атамекен» ҚР ҰКП Салық салу департаменті мен ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит департаменті бірлесіп, өңірлермен бейне-байланыс арқылы конференция ұйымдастырды. Шара барысында бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп мен аудиттің стандарттарын қолдану мәселелері талқыланды.  

Қатысушылар Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекелестіктің жаһандық индексінде «Аудит пен есеп стандарттарын жетілдіру» бойынша Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы реформалар жайында мағлұмат алды (2016 жылы Қазақстан дәл осы көрсеткіште 88-орын алған).

ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері «Мемлекеттің бәсекелік қабілетін арттыруда бухгалтер мен аудитордың үлесі» және Қаржылық есеп стандарттарын қолдану» тақырыптарында баяяндама жасады. Қазақстанның әлем экономикасындағы жаһандану және интеграция кезеңіндегі бухгалтерлер мен аудиторлардың негізгі міндеттері жайлы түсіндірді.

Мұнымен қоса, қатысушыларға Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептік туралы заңнамада, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп стандартында орын алатын және енгізілген өзгертулер жайлы ақапарат берілді,

ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің баяндамысынан соң қатысушылар осы салаға қатысты сауалдарын қойып, тиісті жауаптарды ала алды.

Дөңгелек үстел қатысушылар жас мамандарға ранам өкірлерде де арнайы семинарлар ұйымдастыруды сұрады. Олардың айтуынша, бухгалтерлердің ғана емес, бизнес-құрылымдағы қаржылық есеп беруді білуі тиіс басшылардың да білім деңгейін көтерген абзал.

Дөңгелек үстел аясында мекемелерде жұмыс істейтін бухгалтерлердің біліктілігін арттыру және сертификаттау,2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін IFRS 9 (Қаржы құралдары) Халықаралық қаржылық есеп стандартын қолданудағы қиындықтар, салық заңнамасын қолдану мәселелері көтерілді.

Дөңгелек үстел бастағанға дейін «Атамекен» ҚР ҰКП элетронды адрестеріне бизнес-ортаның өзекті мәселелеріне қатысты сауалдар жолданған еді, жауаптары www.atameken.kz интернет-ресурсында жарияланған.

ҚР Қаржы министрлігі жолданған сауалдарға жауап берді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер