astana-view

Алик Шпекбаев: «Жаһанданудың бірінші шарты – есептік және транспарентті мемлекетті қалыптастыру»

2017 жылғы 02 Қыркүйек
4255 просмотров

Соңғы 3 жылда шағын және орта бизнестің қызметіне араласу дерегі бойынша 328 лауазымдық тұлға сотталған

Астанада өткен Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысы жайлы баяндап, кәсіпкерлік қызметтегі әкімшілік кедергілерді азайту жұмысына тоқталды.

«Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап мақсатты түрде және кезең-кезеңімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді механизмді қалыптастырып келеді. Біз сыбайлас жемқорлықпен күресте көшбасшы мемлекеттерге тән заманауи мемлекеттің моделін қалыптастырып келеміз. Кең ауқымды экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар жүзеге асырылды», – деді Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасы орынбасарының хабарлауынша, бүгінде «Ашық үкімет» электронды ресурсының арқасында 5 негізгі портал жұмыс істейді. Портал азаматтарға бюджеттік бағдарламалармен танысуға, нормативті-құқықтық актілер жобасын талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.

«Биыл бақылау функциясын 2 есе қысқарттық. Мемлекеттік функцияның 30 пайызы қысқартылады. Жалпы алғанда 2018 жылы тексеру санын 30 пайызға қысқартуға, ал 2020 жылы тағы да 10 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органдардың штаттық саны оңтайландырылып, мемлекеттік аппараттың жалақысын екі есе арттыруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Алик Жатқамбайұлы.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жаңа типтегі жаһанданудың бірінші шарты – есептік және транспарентті мемлекетті қалыптастыру екеніне баса назар аударды. Мемлекеттік органдар басшыларының көпшілік алдында жыл сайын есеп беруін қалыптастырылды.

Жүргізілетін реформалардың тиімділігі халықаралық рейтингтік агенттіктердің нәтижесінен айқын көрінеді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес «Соттық тәуелсіздік» индикаторы бойынша Қазақстан 111-орыннан 68-орынға көтерілді. Соңғы 5 жылда 43 көрсеткішке көтерілдік. «Doing Business–2016» дүниежүзілік банкінің рейтингінде Қазақстанның сот жүйесі 3 жыл ішінде 26 көрсеткішке жоғарылады, атап айтқанда 19 елдің ішінен 35-орыннан 9-орынға көтерілді.

«Былтыр алғаш рет «Атамекенмен» бірлесіп Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл форумы өтті. Бұл іс-шара бизнес үшін маңызды 16 салада сыбайлас жемқорлықты жоюдың Жол картасын жүзеге асыруға бастама болды. Шамамен 280 ұсыныс енгізілді, оның 62% нормативті-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық қаупімен байланысты, 38% – ұйымдастырушылық-басқармашылық қызметке қатысты», – деді Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша соңғы 3 жылда шағын және орта бизнестің қызметіне араласу дерегі бойынша 328 лауазымдық тұлға сотталған, 165 – әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 13 қызметкерге тәртіптік жауапкершілік қолданылды. Сыбайлас жемқорлық қылмысынан болған материалдық шығын көлемі – 240 млрд теңгеден астам, 44%-ға жуығы қайтарылды (106 млрд теңге).

«БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы және осы саладағы өзге де халықаралық келісімдерге Қазақстанның қосылуы әлемдік процестерге белсенді қатысуға мүмкіндік береді, – деді Алик Шпекбаев, – Бизнес-қоғамдастық пен әрбір азамат бізден жүйелі де мақсатты іс-әрекет күтеді. Бюрократиялық кедергілер мен сыбайластық қауіпті азайту бойынша атқарылатын шаралардың нәтижелілігі бизнестің белсенді азаматтық ұстанымына да байланысты. Бұл Қазақстан үшін де, Ресей үшін де маңызды екеніне сенімдімін».

Сонымен қатар, форум барысында Ресейдің Бас бостандығынан айырумен байланысты жазаны көздейтін үкімді орындауда кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуы жөнінде уәкілетті Александр Хуруджи кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі жайлы баяндады.

А.Хуруджи аппараты 9 ай ішінде бүкіл Ресей бойынша негізсіз қылмыстық тергеуге алынған кемінде 20 кәсіпкердің қиылысу шараларын өзгерте алды, араласудың нәтижесінде олардың көбі бостандыққа шықққан.

«Бұл тәжірибе «СТОПАРЕСТ» жобасының нәтижесінде орын алды. Бұл интернет-сайтқа тергеу изоляторында жатқан кәсіпкердің кез келген өкілі жедел түрде ақпарат бере алады. Осылайша көмек алады. Бүгінле Ресей бойынша 600-ге жуқ өтінім түскен. Олардың көбі қаралып, өңірлік уәкілетті органдарга берілді, сондай-ақ өкіл Б.Титовтың институтына да тапсырылды. Кәсіпкерлік қоғамдастыққа жедел көмек беру үшін «Набат» мобильдік қосымшасы жасалды. Бұл қосымша арқылы кез келген кәсіпкер бизнесті тексеруге қатысты сауал бойынша бірнеше минут ішінде кәсіби заңгерлерден білікті көмек ала алады. Бүгінде бұл қосымша пилоттық режимде Ростов облысында ғана емес, бүкіл Ресей аумағында жұмыс істейді. Қосымшаны кез келген адам тегін жүктей алады», – деп хабарлады Александр Хуруджи.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер