astana-view

Жалға беру мен алу оп-оңай

2017 жылғы 07 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
8264 просмотров

Бизнес жүргізуге арналған нысандарды жалға беру туралы хабарландыруларды тегін өткізуге болады

Бүгінде көптеген облыс кәсіпкерлері өз ісін бастау я бизнесінің көкжиегін кеңейту үшін бос алаңдарды іздеу жолында бірқатар қиындықтарға тап болады. Бұл тығырықтан шығудың оңтайлы жолын Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы тапты. Палатаның Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіровтың бастамасымен коммерциялық жылжымайтын мүліктерге арналған мамандандырылған сайт өз жұмысын бастады. Сіз жалға берілетін өндірістік алаңдар, қоймалар, мен кеңселер іздеу үстіндесіз бе? Онда сізге palata-rent.kz мекенжайындағы жаңа сайт көмектеседі. Сайтта кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлікті жалға беру немесе жалға алуға мүмкіндік беретін барлық тетіктер қарастырылған.

«Жеке кәсібін жүргізуге қажет қолайлы бос орын табу - Жамбыл бизнесінің ащы проблемасына айналған. Ал аталмыш сайт бұл түйінді тарқатуға септеседі деген ойдамыз» - дейді Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Айдар Әбдіқадыров. – Аз-маз уақытта жоба жүзеге асырылды. Біз сайттың арнайы бөлімдері мен айдарларында барлық салаларды қамтуға тырысып бақтық. Сайтта қолайлы навигация құрылған, сол арқылы қызықтырған кез келген нысанды табуға болады.

  

Бастысы – сайттың қызметін пайдаланған  мүдделі жақтардың барлығы бір тиын да төлемейді. Ақысыз. Бұл дегеніңіз, бизнес қауымының қалтасына үнем, ең маңыздысы – хабарландыру берушілер ғаламтор-есепшотын ашу, ақша аудару және транзакциялық іс-әрекеттер сынды уақыт талап ететін артық жұмыстан арылады.

"Біздің портал коммерциялық жылжымайтын мүліктерді жалға беру туралы, сонымен қатар, инфрақұрылымға қатысты (кіре беріс жолдар, жарық, жылу, газ, кәріс жолдары және тағы басқа) толық ақпараттармен қамтылған алаңға айналады. Бүгінде мұнда өндірістік, қоймалық, кеңселерге арналған жалпы көлемі 60 мың шаршы метрді құрайтын нысандар туралы ақпараттар салынған. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 80 пайызды құрап отыр!" - деді сарапшы. 

Сайттағы база әрдайым ақпараттармен толықтырылып, өзгерістер енгізіліп отырылады. Клиенттердің ұсынымдарынан бөлек, мониторинг арқылы жылжымайтын мүлік нарығына қатысы бар нысандарға жайлы мәліметтер қосылады. Портал қолданушыларының аудиториясы кең болмақ! Инвесторлар, агенттіктер, жеке кәсіпкерлер мен барлық мүдделі жандар керегін бір арнадан таба алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер