Ұлттық палата шағын және орта бизнес үшін 2020 жылдан бастап қаржылық ауыртпалықтың артатынына алаңдаулы

12 қыркүйекте өткен Үкімет отырысы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Салық кодексінің жаңа жобасы дайындауға қатысқанжұмыс барысы туралы баяндады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес берген ұсыныстардың басым бөлігі аталған құжатқа енгізілді.

«Нәтижесінде, ұсынылған жоба арнайы салық режимін сақтауда бизнеске айтарлықтай қолайлы болды. Сонымен қатар ҚҚС бойынша шекті азайтуға қатысты дау болды. Келісіліп, бұл норма сақталды және шағын және макробизнес оң қабылдады», -­ деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Мұнымен қоса, «Атамекен» 2020 жылға қарай кәсіпкерлерге қаржылық ауыртпалық түсуі мүмкін екеніне алаңдаулы.

«2020 жылға дейін жаңа зейнетақы аударымы мен міндетті медициналық сақтандыру бойынша нормалардың шегерілуіне қарай бизнеске түсетін ауыртпалық шамамен 10%-ға өседі. Сондықтан , бизнеске әлеуметтік салық бойынша түсетін қысымды алып тастау үшін біз осы мәселені жұмыс тобы шеңберінде талқылауды сұраймыз. Бюджетке қатысты қауіпті де, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұстанымын да түсінеміз, дегенмен бұл мәселені талқылау керек», ­- деді спикер.

«Атамекен» Басқарма Төрағасы атап өткендей, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бап алынып тасталса да, бизнес тарапында ары қарай жосықсыз, жалған келісімдер дерегін анықтау процедурасына қатысты сауалдар бар. Осыған орай олар түсінікті де қол жетерліктей әкімшіліктендіруді орнатуды сұрап отыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті ұсыныстарды әзірлеп те қойды.

Ұлттық палата кәсіпкерлер өткізуге тиіс есептік де жүйелілігіне алаңдайды.

«Арнайы салық режимін қолданатын шағын және орта бизнес жарты жылда бір рет есеп беретін. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен зейнетақы аударымдары қосылғандықтан, ай сайын есеп беруге тура келеді. Бірақ, шағын және орта бизнестің барлығында бірдей кәсіби бухгалтерия жоқ, сондықтан олар үшін қолданыстағы жартыжылдық тәртіпті қалдыруды ұсынып отырмыз», - деді Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар Абылай Мырзахметов әкімшіліктендіруді қысқарту мақсатында қолданыстағы салық алымының санын біріктіруді ұсынды. Бұдан өзге, шағын және орта бизнестен жиналатын салық алымына қатысты мәселені өңірлік деңгейге беруді ұсынды. Оның айтуынша бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдардың әр өңірдегі іскерлік ахуалды жақсартумен қаншалықты айналысатындығын көрсетер еді.