astana-view

Швеция–Қазақстан бизнес-форумы Стокгольмде өтеді

2017 жылғы 18 Қыркүйек
3495 просмотров

Қазақстан делегациясының құрамында министрлер, ұлттық компаниялардың басшылары мен бизнес өкілдері болады

Ресми өкілдердің қатысуымен Швеция–Қазақстан бизнес-форумын  2017 жылы 13 қазанда Стокгольмде өткізу жоспарланған.

Қазақстан делегациясының құрамында министрлер, ұлттық компаниялардың басшылары мен бизнес өкілдері болады.

Форумның басты мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мен Швеция тарапынан Қазақстан экономикасын әртараптандыруға жаңа технологияларды құру, оның ішінде технологиялық күрделі өндірістерді қалыптастыру, экономикалық инфрақұрылымды жаңғырту, қаржылық, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы мен ел экономикасының басқа да салаларын жетілдіру арқылы тәжірибелік тұрғыда ықпал ету.

Форум қатысушылары үшін Шенген визасын рәсімдеу мақсатында 1 қазанға дейін https://goo.gl/forms/p0dY3hHEiMCZ5n3m2 сілтеме арқылы  тіркелулеріңізді сұраймыз.

Форумға қатысты сұрақтармен Айнұр Әнесоваға хабарласуларыңызға болады: +7 7172 279056 (227),  e-mail: a.anessova@atameken.kz. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер