astana-view

Бизнестің шамшырағы

2017 жылғы 19 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
1143 просмотров

«Бастау Бизнес»: Қармақшы ауданында жалпы құны 78,7 млн.теңгені 29 жоба қаржыландырылды

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қысымды төмендету, сондай-ақ, өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету үшін нақты іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде «Атамекен» ҰКП ел Үкіметінің қолдауымен «Бастау Бизнес»  жобасын сәтті жүргізіп келеді. Аталмыш жоба аясында Қармақшы ауданы кәсіпкерлері  жаңа кәсіп иелерімен толықты.

 «Қармақшы ауданында Кәсіпкерлер палатасының филиалымен жаңа бағдарлама бойынша 107 азамат оқытылды. Қазіргі таңда, осы азаматтардың ішінде жалпы құны 78,7 млн. теңгені құрайтын 29 жобасы қаржыландырылды. Ауыл азаматтарының басым бөлігі несиені мал шаруашылығына алуда: малды бордақылау, мал басын көбейту, сүт, ет өнімдерін шығару т.б.»,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының Қармақшы  ауданындағы филиал директоры Абзал Шоқбаров.

«Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерлікті ауылда дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейін бизнес-бастамалар мен халықты кәсіпкерлік негіздеріне жан-жақты үйрету арқылы көтеруді мақсат тұтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту ұзақтығы 1 ай.

Ауданның жас тұрғыны Қайырбек Әбен осы жоба аясында білім алып, бизнес жоспарын жасап, қорғаған және ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 3,5 млн.теңге несие алды. Алынған қаражатқа Қайырбек өзінің Бизнес жоспарына сәйкес  «Маржан» жарнама агенттігін ашып, оған қажетті құрал-жабдықтарын алды. Жас кәсіпкер бүгінде жұмысын бастап та кетті. Шағын екі бөлмені жалдап, тапсырыстар қабылдауда.

 «Бастау Бизнес» жобасы маған өз мақсатыма жетуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында бір ай біліктілігімді жетілдірдім. Бизнес-жоспарымды құрып, оны комиссия алдында қорғап, бүгінде қармақшылықтарға қызмет көрсетудемін», - дейді жас кәсіпкер Қайырбек Әбен.

Ашылғанына екі-ақ апта болған жарнама орталығы алғашқы тапсырыстарын қабылдап та үлгерді. Полиргафиялық қызметтің бірнеше түрін орындайтын орталыққа келген тапсырыс берушілер  өз ризашылықтарын білдіруде.

 «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсібін бастаған жас кәсіпкердің алдағы жоспары да ауқымды. Ол келешекте офисін кеңейтіп, полиграфиялық қызмет түрлерін көбейтуді ойластыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер