astana-view

Алматыда InvestPro V халықаралық конференциясы өтеді

2017 жылғы 20 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3314 просмотров

25-26 қазанда Алматыда InvestPro V халықаралық конференциясы өтеді

Bosco Conference халықаралық инвестициялау, қаржыландыру, капиталды басқару мен көбейту, халықаралық құрылымды құрастыру мәселелеріне арналған бағдарламамен танысуды ұсынады.

Конференцияға қатыса отырып, нарық көшбасшыларының баяндамаларын тыңдау, шот ашу, азаматтық алу, дүние жүзінде жылжымайтын мүлік сатып алу, активтерді қорғау мәселесіне қатысты кеңестер алу мүмкіндігі беріледі. Баяндамашылар мен сарапшылар соңғы ақпаратпен және талдауларға қатысты мәліметтермен бөлісуге дайын.

Конференция бірнеше тақырыпқа арналған:

  • Кипрде жылжымайтын мүлікке инвестиция үшін азаматтық және тұратын жерү Leptos Estates
  • Қаржылық нарықтар: белгісіздіктен мүмкіндіктерге. Norvik Banka
  • Швейцария: активтерді қорғау және салықты оңтайландыру. Goldblum and Partners
  • Инвестиция есебінен АҚШ-қа иммиграция (EB5). Mona Shah & Associates
  • 2017 жылдағы 10 мүмкіндік: Халықаралық құқықтық құрылымдар, салықты азайту, ақпарат алмасу. Zugimpex
  • Батыс Еуропадағы сауда платформасы – жұмыс капиталы мен активтерді қорғау үшін. EMG Group
  • BEPS-тің  қазақстандық бенефициар құрылымына әсері. Тәуекел, мәселе, шешім. International Tax Associates B.V.
  • БАӘ-де бизнес ашу. Umm Al Quwain FTZ
  • Голланд холдингтік компаниясы. Неге және қалай? Residence Corporate Services
  • Канададағы компания – қарапайым, арзан және аса тиімді. A&P Intertrust Corporation
  • Шет елге шығарылған активтерді іздестіру және қайтару тәжірибесі. TFH Legal
  • Қазақстан және BEPS: негізгі аспектілер. Angels Niko Advisory

Конференцияға қатысу, баяндама жасау мен демеушілік таныту мүмкіндігіне қатысты сауалдар үшін +7 (727) 350 54 74 телефон нөміріне хабарласу керек немесе электронды почтаға жолдаңыздар bc@bosco-conference.com

Конференция туралы нақты ақпарат: www.bosco-conference.com

Өтетін күні мен уақыты: 25-26 қазан, Intercontinental Hotel Almaty.

Қазақстан компаниялары басшыларының 2 өкілі үшін тегін қатысу қарастырылған. Қатысу үшін сайтта тіркелу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер