astana-view

Абылай Мырзахметов бизнестің сыртқы нарықтарда төзімділігін арттыратын жағдайларды атады

2017 жылғы 21 Қыркүйек
3826 просмотров

Астанада Қазақстан машина жасаушылардың  V форумы өтті  

ҚР Үкіметі қолдауымен Машина жасаушылар одағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп бес жыл қатарынан отандық машина жасаушылар үшін маңызды шараны ұйымдастырып келеді.

Биыл форумның  «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: жоғары технологиялық машина жасау» тақырыбында өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов шара аясында бизнестің мемлекет пен квазимемлекет секторымен ара қатынасы жайында айтып, сатып алулар, өткізу, жергілікті қамту, ірі жер қойнауын пайдалануышлардың өзекті мәселелеріне тоқталып кетті.

  «Бәсекеге қабілеттілікті дамытудың кешенді бағдарламасын бірлесіп әзірлеуді және қабылдауды ұсынамыз, оның түпкі мақсаты өнімді экспортқа шығару болмақ, – деді спикер.

Абылай Мырзахметов сатып алуларда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ұлттық стандарттарды қабылдау қажеттігін атап өтті.   

 «Бұл стандарттар белгілі бір дәрежеде сатып алуларға қатысуда «сүзгі» болады және отандық тауар өндірушілерді қатаң бәсекелестік жағдайында қолдайтын болады. Сонымен қатар стандартизациялауда техникалық реттеуге баса назар аудар керек. Бұл – ішкі нарықты контрафактіден қорғау. Бәсекелік қабілетті шындайтын талаптарды күшейту қажет» – деді «Атамекен» Басқарма Төрағасы.

 Спикердің айтуынша осы бағытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлескен жұмыс атқарылуда.

 «Жалпы түсінік бар. Техникалық реттеу  стандарттары арқылы сертификация қалай контрафактіден қорғайтынын жақсылап ойластыру керек. Мемлекеттік қолдау шараларына үнемі талдау жасап, бәсекелік қабілетті арттыратуға қандай шаралар қолдану қажет екенін зерделеу жөн», – деді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар ҰКП Басқарма Төрағасының пікірі бойынша бірінші кезекте заңды және жұмыс істейтін отандық тауар өндіруішлер Реестрін қалыптастыру қажет.

 «Бұл Реестрге ену үшін кәсіпкерлерге қойылатын басты критерий – заңды тұрғыда анықталған Индустриялы сертификаттың болуы. Осы құжат өндірістің шын мәнінде бар екенін растайды. ДСҰ жағдайында осындай құралдарды қолдану ағымдағы ахуалды жақсы түсінуге және  тексерілген қолдау механизмдеріне жол ашады», – деді Абылай Мырзахметов.

 Осы ретте салалық қауымдастықтар қатысуымен бірқатар салалық тексерулер жүргізу қажеттілігі туындайды. Зерттеулер негізінде салалық даму бағдарламалырын қалыптастыру керек, бағдарламалар практика жағынан тиімді болмақ. Басқарма Төрағасының айтуынша бизнес те белгілі бір жауапкершілікті өзіне алуы қажет.

 «Бүгінде бизнес жауапты деп деп толығымен айтуыға болады. Егер бизнес біз әзірлеген шаралар жайында нақты естісе, онда ол бәсекелестік қабілеттілікті арттыру бойынша жауапкершілікті алуға дайын, оның ішінде цифрландыру бойынша да міндеттемелер бар. Тұтынушы нарығына да көңіл бөлінуі жөн. Қандай субконтрактар қажет, баға қоюды білу керек. Мәселен, Ресей тәжірибесі бойынша, субконтрактті мемлекеттік сатып алуларына ғана қарап отырмай халықаралық байланыс орнатып, отандық брендттер мен бизнесті алға тарту арқылы жақсарту керек», – деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер