astana-view

«Бастау Бизнестен» басталған кәсіп

2017 жылғы 22 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
3687 просмотров

Аясы мен көлемдігіне қарай көсілген ауылдарда бүгінде ата кәсіп жанданып, кеңінен өріс алып келеді

Төлегенова Гүлнар микроқаржы ұйымынан 3 млн.теңге несие алып Шетпеде тігін цехын ашты. Алғашқыда жұмыссыз жүрген тұрғын базарда сауда саттық пен айналысады. Одан нәтиже шықпаған соң «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының ұйытқы болуымен іске асырлыған «Bastau Бизнес» жобасына қатысып 1 айлық кәсіпкерлік курсынан өтеді. 
Естеріңізге сала кетейік, «Bastau Бизнес» жобасын еліміздің түкпір-түкірінен келген бизнес – тренерлер үйретеді. Саусағынан бал тамған шебер, Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ою-өрнектерін мүмкіндігінше пайдаланып, әрбір тігілген дүниесіне қолданып отырады. Қыз жасауынан бастап, көрпе-төсек, перделердің кез-келгені осы кісінің қолымен дайындалады. Кәсіпкеріміз қазіргі тігін өнерінің ақсап тұрған тұстары туралыда бөлісті. «Оның ойынша, тігін кәсібіндегі басты проблема оюларды киім мен төсенетін дүниелерге шашыраңқы етіп бастыруында екен. Өйткені, қазақ халқы әрбір ою мен өрнекке аса мән мен қараған. Яғни қолдану тәртібі бар деседі. Мейлі ол сырт киім немесе көйлек болсын. Мысалы, жастардың киімдеріне салынатын ою-өрнектің өз реті бар. Сол сияқты егде жастағылардың сән үлгісі бір бөлек. Осындай жақтарын елеп-ескеріп, жанымдағы тігіншілерге үнемі айтып отырамын-дейді кәсіпкеріміз. Кәсібін жан-жақты зерттеген Гүлнар табыс пен кәсіп бір жерден ұштасса жақсы дүниелердің өмірге келетінін тілге тиек етті. 1 айлық курс оң нәтижесін берді. Ауыл тұрғыны кәсібін ашып, екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерді жұмыспен қамтыды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер