astana-view

Электр энергиясының тарифына қатысты мәселе кәсіпкерлер арасында дау тудырды

2017 жылғы 26 Қыркүйек
6470 просмотров

Жаңа тариф кезінде өнім бағасы қанша болады?

26 қыркүйекте «Атамекен» алаңында электр энергиясының тарифы мәселесіне арналған жиын өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов жиынды аша отырып, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың электр энергиясы тарифінтәулік бөліктеріне қарай саралау, сумен қамтамасыз ету мен су жүргізуде көрсетілетін қызмет үшін қарызды өтеу үшін көп сома аударуды алып тастау мәселесі күн тәртібіне шығарылғанын хабарлады.

«Бірінші мәселе көбіне қатысты: құс өсірушілер, ұн тартушылар, наубайхана, жылыжай иелерінен бастап, құрылыс материалдарын шығаратын компанияларға дейін, атап айтқанда түнгі уақытта жұмыс істейтіндерге қатысты. Сондықтан барлық тараптан талқылау алаңын құрып, әрқайсының ұстанымын түсінген абзал», – деді Елдос Рамазанов.

Еске салсақ, ҚР 2017 жылдың 1 шілдесіндегі №89-VI ҚР «Электр энергетикасы мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес тұтынушылардың барлық санатына (жеке және заңды тұлғалар) электр энергиясының тарифін тәулік бөліктеріне қарай саралау алынып тасталған.

Тәулік уақытына қарай сараланған тариф енгізудің мақсаты электр энергиясын қолданудың қарқындылығын реттеуді ынталандыру еді, алайда, тәжірибеде көрсеткендей бұл айтарлықтай нәтижеге жеткізбеді, сондықтан алынып тасталды.

Оңстүстік Қазақстан облысындағы «Kazakh Construction Industry» АҚ басқарма төрағасы Бөгенбай Абылайұлы аталған өзгертулерге қатысты алаңдаушылық білдірді.

«Біз мамандарды, өз зауытымызды, темір-бетонды қоймаларды дайындадық, қажетті есептеу құралдарын сатып алдық, қызметкерлерді оқыттық, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымның талаптарына сай қолдану тәртібіне көштік. Басты мақсат 19-00-ден 23-00 аралығындағы ауыртпалықты азайту еді. Біз үшін қалыптасқан жүйе болғанына қарамастан өз үлесімізді қостық. Бірақ пайдаланған үшін төлем 1,5-2 есеге өсті. Бұл өнідірісіміздің жұмысына кері әсерін тигізеді», – деді Бөгенбай Абылайұлы.

Өз кезегінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Михаил Гамбургер сараналған тариф енгізілген 6 жыл ішінде тәуліктік кесте өзгермегенін атап өтті.

«Сіздер 4 МВт туралы айтып отырсыздар, бірақ Қазақстан жүз есе үлкен екенін ұмытпаңыздар. Тәулікке қарай бейімделу тиімсіз болатын кәсіпорындар бар. Кешкі уақытта жұмыс істейтін электркөлігін алыңыздар, онда билет құны 5 есе өсуі керек еді, алайда бұлай болмады», – деді Михаил Гамбургер.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің Электр энергиясы саласын реттеу басқармасының басшысы Қалила Көккөзова бұл мәселеге қатысты талдауды Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүргізгенін хабарлады. Талдау нәтижесінде тарифті саралауды енгізу республика бойынша кешкі уақытта тек 5%-ға азайғаны анықталған.

«Айтарлықтай азайту болмады. Негізгі міндет орындалмады. Бұл ереже 3 жыл бойы талқыланды», – деп нақтылады Қалила Көккөзова.

«Атамекен» ҚР ҰКП тариф жөніндегі кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Петр Своик сараланған тарифті сақтау керектігін айтты.

«Тұтынушы үшін де, энергия жүйесі үшінде бұл тиімді. Барлығы да энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдарға келіп тіреледі. Мұндай саралауға мүдделі болмағандықтан сатып алынатын тарифтерде саралану жоқ болғандықтан бас тартып отыр. «Атамекенге» электр станциялары үшін ауыртпалықты реттеудің диспетчерлік кестесіне енгізілетін сараланған тариф бекіту мәселесін қарауды ұсынамын», - деп ұсыныс білдірді Петр Своик.

ҚР ЭК Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы аталған мәселелер ұзақ уақыт талқыланғанын атап өтті.

«Шындығында бұл екі тұтынушының мәселесі. Кей тұтынушылар санаты түнге ауысады, оларда қандайда бір кассалық айырмашылық орын алады. Соңында ол ауыспағандар салмақ болып отыр. Нәтижесінде түнгі ауысымға өте алмайтын тұтынушылар зардап шегеді және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша мұндай тұтынушылардың қатары өте көп, шамамен 70%-ды құрайды», – деп нақтылады Талғат Әбілғазы.

Кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тарифті саралауды алып тастаудың оң-терісін талдау керек деген шешімге келді. Сондай-ақ «Атамекен» мүдделі ұйымдармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп Кеңес мүшелерінің электр станцияларында сараланған тариф енгізу ұсыныстарын талқылайды.

Мұнымен қоса, сумен қамтамасыз ету және су жүргізу қызметіндегі қарызды өтеуге жоғары сома аудару мәселесі де талқыланды. Кеңес қатысушылар қалалық су каналдары өкілдерінің тарапынан есептеу құралдарына тексеру жүргізгенде ашықтық шараларын қабылдау, сондай-ақ есептеу құралдарын орнату мен жүргізу жауапкершілігін тұтынушыдан қызмет берушіге өткізу керектігін айтты. Бұл мәселені нақты талқылау үшін мүдделі тараптардың қатысуымен жеке жиын өткізу шешімі қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер