«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меню
Қаз

«Атамекен» кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-платформаны іске қосты

05 Қазан 2017
143 просмотров

«Atameken business academy» - онлайн режимде оқыту

Қазан айында кәсіпкерлерді оқыту үшін «Atameken business academy» онлайн-платформасы ұсынылған болатын. Оқу жүйесіне байланысты барлық ресурстарды біріктіріп, оларды әрбір қазақстандыққа қолжетімді ету жобаның мақсаты болып табылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев Ұлттық палата мемлекетіміздегі кәсіпкерлік білім мәселелерімен белсенді айналысатындығын айтып өтті. Қазақстанда ШОҚ жалпы ішкі өнімнің салым үлесі 25-26% болса, тұрақты даму үшін ЖІӨ 50% кем болмауы тиіс екендігіне назар аударды.

«Мемлекетімізде кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар өте көп. Тәуелсіз болғылары келеді. Ондай бастамаларды біз қолдаймыз», - деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Нұржан Алтаевтің айтуынша жас кәсіпкерлердің 90% бір жыл көлемінде өз компанияларын жабады. Құзыреттілік пен білімнің жоқтығы, бизнес жоспарды құрастыру барысында елеусіз қатынастың болуы мәселенің  себебі болып табылады.Ұлттық палата өткен жылы жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кәсіпкерлік негіздерін үйрететін «Бастау Бизнес» жобасын іске қосқан болатын.

««Atameken business academy» онлайн оқыту қарастырылған. Кез келген адам www.e-academy.kz сайтына кіріп, қажетті ақпаратын алу арқылы болашақта кәсібін алға қоюға көмек көрсететін дағдыларды үйрене алады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бағытталған сұранысқа ие әдебиеттер мен өз ісіңді қалайша бастау керектігін көрнекі түрде түсіндіретін 50 жуық видеороликтар платформада жинақталған»,- деп анықтап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Контент құрамына 40 оқытатын бейнероликтер, 10 табысқа жету тарихы, 50 бизнес кейстер және 70-ке жуық салалық тақырыптарға байланысты видеолар жүктеуге дайындалып жатырғандығын "Атамекен" ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басшысы Алмас Ордабаев атап өтті.

"Бейне роликтердің ұзақтығы 5-тен 20 минутқа дейін. Тек осы уақыт аралығында ғана адамның назарын шоғырландыруға болады. Онлайн платформаның мақсаты "marketing place" сынды тәжірибесі бар кәсепкерлер коммерциялық және коммерциялық емес жолмен өз білімдерімен бөлісу мүмкіндігіне иелену. Біз университеттерді, компаниялар мен басқа да мүдделі тұлғаларғаларды ынтымақтастыққа шақырамыз. Бұл сондай-ақ бизнес-тренерлер үшін сауда-саттық алаңы", - дейді Алмас Ордабаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басшысы кері байланыстың маңыздылығына назар аударды.

«Сайтта «кері байланыс» батырмасы қарастырылған. Жобаның тиімділігін және функцианалдылығын жақсарту үшін барлық пікірлер мен ескертулерді назарымызға аламыз.  Бизнес-тренер мен білім алушыларда жеке кабинетке кіру мүмкіндігі болады»,- деп түсіндірді Олжас Ордабаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Құзыреттілік орталығы басшысы Жеңісбек Дулатовтың айтуынша орталық сайтқа арналған жеке видеороликтер дайындаған.

«Жылыжай технологиялық тұрғыдан қалай орнатылу керектігі, жерді тыңайту үшін не істеу қажет, қандай көшеттер отырғызылуы жөн сынды ресурсты салалық ақпаратпен толықтырдық. Қазақстандық сарапшылардан 50 жуық видеоролик түсірілді. Егер адамдарда белгілі бір сұрақтар туындап жатырса, құзыреттілік орталығынан көмек ала алады», - деп түсіндірді Жеңісбек Дулатов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Құзыреттілік орталығы директоры жобаның ауылдағы адамдарға  өте қажетті, сұранысқа ие және қолдануға тиімді екендігін байқап өтті. «Жібек жолы» Халықаралық логистика және бизнес институты басшысы, «Atameken Business Academy» жобасының жетекшісі  Алмас Кигізбаевтің айтуынша XXI ғасырда кәсіпкер ақпаратты жылдам әрі тиімді алғысы келетіндігі белгілі және жоба осы сұранысты қанағаттандырады.

«Барлық заңнамалық мәселелерді, кәсіпкерлер жайындағы аңыздар, бухалтерлік есептер мен салық салу жайында қарапайым және түсінікті айтылған. «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауы арқасында сайтта тегін ақпараттың саны артуда. Сонымен қатар коммерциялық ұсыныстар да көрсетіледі. Қазақ  тілді бинес-тренерлердің санын көбейту жолға қойылды»,- дейді Алмас Кигізбаев.

«Жібек жолы» Халықаралық логистика және бизнес институты басшысы, «Atameken Business Academy» жобасының жетекшісінің айтуынша жоба жүзеге асуының тек алғашқы сатысында. Болашақта ұялы телефондарға арналған нұсқасын жасау, жоғары оқу орындар, бизнес мектептер, бизнес тренерлерді жеделдету, тестілеу модулін дауындау мен сертификаттау жоспарлануда.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер