«Бастау Бизнес» жобасының 5-ші легі аяқталды

«Бастау Бизнес» жобасы сәуір айында басталған «тәуір» жобалардың бірі болды. Маңғыстау ауданы бойынша 5-ші лекпен оқыған 19 адам өз жобасын сәтті қорғап шықты. Алған білімдерінен қанаттанған ауыл тұрғындарының жобалары ауылға қажетті саладағы жаңа идеялар. Уақыттары өздеріне тәуелді болатын жеке секторда жұмыс атқару қатысушылардың көңілінен шығатын жағдай болары сөссіз. Жобалар ауыл шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы немесе ауыл қыз-келіншектеріне қажет сұлулық салондарға байланысты болған көрінеді. Дәрісті бизнестің жілігін шағып, майын ішіп жүрген тәжірибесі мол бизнес-тренер Райхан Бекбергенова оқыды. «Неден бастау қажет? Қалай?»  Жадында сан-алуан сұрақтар өршіген қатысушыларға жаттықтырушы психологиялық әдіс-тәсілдермен жауап қайтарғанды жөн көрді. Қатысушыларды жоспарларын жүзеге асыру үшін дайындықтың келесі сатысы жаттықтырушымен бірлесе бизнес-жоспар құру.

Бейнеу мен Қарақия аудандарынан келген жалпы саны 32 болашақ кәсіпкер жобаларын сәтті қорғап шықты. Жобалардың бірі мал мен егін шаруашылығына байланысты болса, енді бірі ішкі халықаралық қызмет көрсетуге саласындағы вулканизация, полиграфия немесе компьютерлік клуб сынды кәсіпкерге байланысты.

Ендігі кезекте облыстық кәсіпкерлер палатасы коммиссиясының алдына ұсынылып, шешімге сәйкес жобалардың бірері жүзеге асырылу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда жобаның 6-шы легіне қатысушыларды қабылдау басталып та кеткен.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсібін бастауға ниетті тұрғындарды «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы атанып, жоспарларын жүзеге асыруға шақырады.