astana-view

«Бастау Бизнес» жобасына бизнес-жаттықтырушылар керек

2017 жылғы 25 Қазан
14497 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға арналған «Бастау Бизнес» жобасының ауқымын кеңейтетіндіктен келесі жылға бизнес-жаттықтырушылар легін қабылдауды бастағаные хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған оқыту жобасы 2017 жылы еліміздің 80 ауданын қамтыды, ал 2018-2021 жылдары 160 ауданда бір айлық оқу курсын жүргізеді.

«Бастау бизнес» жобасының мақсаты: елеміздің аудандарындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейін  кәсіпкерлік негіздеріне оқыта отырып, бизнес-бастамаларына қолдау көрсетіп, сүйемелдеу арқылы арттыру.

Бизнес жаттықтырушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

- 26 жастан асқан;

- бизнес-жобаларды бастауда, сүйемелдеуде тәжірибесі бар, ауылдық жерлерде жұмыс істеген болса құба-құп;

- бизнес-жоспарлау, қарылық үлгілеу негіздерін, маркетинг, нарықты зерттеу, бизнеспен айналысудағы мемлекеттік реттеу негіздерін білуі;

- кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, 15-тен 70 адамға дейінгі топпен де, жекелей де жұмыс істей білуі; 

- ШОБ мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеке ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шаралары жайлы білуі;

- ауылдағы нарықтың ерекшелігі мен бизнестің негізгі түрлерін түсіну;

- жоғары коммуникативтік құзыреттілік, оның ішінде тәлімгерлік немесе жаттықтыру қабілеті, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу;

- өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекет органдар және жоба серіктестерімен топтасып жұмыс істей білу.  

Біз сізден күтеміз:

- кәсіби ыңғай, жобаға толықтай берілу;

- белсенді ұстаным мен ауылда ШОБ дамытуға қызығушылық;

- өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын болу, сондай-ақ жұмыс барысында өз әлеуетін әрдайым арттыру;

- лектер арасындағы қысқа демалыстарды ескергенде, үнемі оқу өткізілетін орында болу (аудан орталығы, ауыл).

Жобадан алатыныңыз:

- ұлттық деңгейдегі қызықты да ауқымда жобада жұмыс істеу тәжірибесі;

- қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылды қосқандағы мерзімге дейін ойластырылған және кәсіби даму;

Бизнес-жаттықтырушылардың ашық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең – түйіндеме, ынталандыру эссе жолдау;

2-кезең – бизнес-жоспарлау, қаржылық үлгі құрау бойынша біліктілікті анықтау үшін тәжірибелік тапсырманы орындау;

3-кезең – жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренингке шақыру/ кәсіби біліктілікті тестілеу арқылы дәлелдеу (алдыңғы кезеңдегі тестті тапсырғанда);

4-кезең – мамандар резервіне ілігу;

5-кезең – жобаға шақыру.

Егер қызығушылық танытсаңыз, түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com почтасына жолдаңыз.

«Бастау Бизнес» жобасының Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы бизнес-жаттықтырушы Қуанышбек Ерниязов:

 «Бастау бизнес» жобасы мен үшін нағыз кәсіби біліктілікті дәлелдеген орта болды. Жобаға қатысу арқылы бизнес жүргізудегі тәжірибелік білімімен бөлісуге, оқуға қатысушылардың күн сайын өзгергендерін көруге мүмкіндік алдым. Бизнес-жаттықтырушы ретінде қатысқан осы уақыт аралығында 188 жұмыссыз және жеке кәсібін енді бастаған азаматтардың ішінде 56-сы жеке кәсіпкер атанды, бизнестерін ұлғайтты. Жобаға қатысып, ауыл тұрғындарының бизнестегі әлеуетін арттыруға үлестеріңізді қосыңыздар. «Биастау бизнес» кәсіби деңгейде өсуге көмектеседі».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер