astana-view

Эльдар Жұмағазиев еңбек нарығындағы теңгерімсіздік жайында ой бөлісті

2017 жылғы 09 Қараша
5820 просмотров

8-9 қарашада Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Ресейде өткен кезекті форумда талқыланған тақырыптың бірі «Адами капиталды дамытуға арналды. Форумда Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы мен панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Онда сарапшылар екі елдің өзара байланысындағы мәселелерді заңнамалық деңгейде қамтамасыз етуді талқылады. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай цифрық кеңістікті қалыптастыру үшін цифрлық экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық тақырыбы да қарастырылды.

Форум аясында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Эльдар Жұмағазиев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бағытында атқарып отырған жұмысын таныстырды.

«Еңбек нарығындағы жағдайға талдау жасай отырып, біз Ресейде де сөзсіз маңызды болып отырған негізгі мәселелерді көрдік. Бұл еңбек нарығындағы теңгерімсіздік, санына қарай да, сапасы бойынша да бұл теңгерімсіздік орын алған, сондай-ақ нарықта дипломы бар жұмыссыздардың мәселесі ушығып тұр. Жұмыс берушілер әрдайым оқу бағдарламалары мен нақты сұраныстың сәйкес келмейтіндігі жайында айтып келеді. Яғни білім беру жүйесіндегі оқу көп жағдайда тиімсіз», – деп есептейді Эльдар Жұмағазиев.

Жыл сайын 354 мың түлек мектеп бітіреді, кемінде 21 мың азамат орта білім алғаннан кейін колледжге де, жоғары оқу орнына да түспейді. Ешқандай кәсіби біліктілігі болмағандықтан, көп жағдайда төменгі жалақы алады.

«Мектеп бағдарламасы мәселесінде кәсіби диагностика мен бағыт беру жүйесі секілді элементтер маңызды. Білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында мектептерді бизнестің сенімді басқаруына, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрлігінің кей функцияларын аутсорсингке беру керек деп есептейміз», – деп атап өтті «Атамекен» Басқарма Төрағасының орынбасары.

Әлемдік тәжірибеде оқушылар контингентін бірнеше топқа бөлуге болатынын көрсетеді: 15% – болашақ кәсіпкерлер мен басшылар, 6% – ғылым мен өнердің өкілдері, 79% – жалдамалы жұмысшылар.

Біздің ойымызша, мектеп бағдарламасына адами капиталды тиімді пайдалану жағынан қарау керек, атап айтқанда орта буыннан бастап, балаларды зерттеп, қай бағытта даму керектігіне жол нұсқау қажет. Осылайша оқу барысында баланың бойында тұлғалық даму қалыптасып, мамандықты саналы түрде таңдайды», - деп есептейді спикер.

«Атамекен» ҚР ҰКП 10-11 сынып оқушыларына арналған қандайда бір бағыты бар High School жүйесі оқушылардың әлеуетін арттырудың маңызды құралы деп есептейді. Мысалы, физика-математика, биология-химия, экономика, гуманитария және лингвистикалық бағыт.

«Маңызды элемент – кәсіпкерлік икемді мектеп қабырғасынан бастап дамыту. Кәсіпкерлік дарынды ерте жастан ашу мақсатында мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін қосуға бастама көтердік. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы қолдады. Орта білім беретін барлық мектепте 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап оқытылады», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Сонымен қатар спикер аталған пәннің оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенін дайындау жұмысы жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Жыл соңына дейін оқулық жобасын пилоттық жалпы білім беретін мектептерде сынап көру жоспарланған. Оқулықты дайындауға 50-ден астам тәжірибелі-сарапшылар мен кәсіпкерлер жұмылдырылған.

Форум барысында колледж студенттеріне дуальді оқыту туралы да айтылды.

«Дуальді білім беруді дамытуда осы күнге дейін колледжерге ғана назар аударылып келгенін айту керек. Бұл парадигманы өзгерту керек, жұмыс берушінің тарапынан да қаралу керек», – деп түсіндірді Эльдар Жұмағазиев.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына 2017 жылдың 1 шілдесінде өзгерту енгізілді. «Атамекен» ҚР ҰКП Реестріне енгізу арқылы жұмыс берушілер жанындағы оқу орталығында қысқа мерзімді оқытуға қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Реестрге 77 оқу орталығы енген, 63-і кәсіпорындардың жанынан құрылған, 3 104 адаммен оқытуға келісімшарт жасалған, 465 адам тәмамдады.

Эльдар Жұмағазиев Форум қатысушыларының назарына «Бастау бизнес» жобасының жұмысын ұсынды.

«Бастау Бизнес» жобасы – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты. 2017-2021 жылдар аралығында 135 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 1 айлық курста білім алады және олардың ішінде 27 мың  азамат жеке кәсібін ашуы керек», – деп хабарлады Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер