astana-view

Кадрлық ауыс-түйіс

2017 жылғы 14 Қараша
- Маңғыстау облысы
8834 просмотров

Маңғыстау «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма шешімімен Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылық лауазымына Нұрбек Қарасайұлы тағайындалды. 

Өмірбаяны: 
Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Казавтотрак-1» ЖШС-інде механик, әлеуметтік мәселелер бойынша менеджер қызметін атқарған. Облыстық «Арман» жастар орталығының басшылық қызметін тізгіндеген. Сондай-ақ, дін істері бойынша департаментті басқаған. «Мангистауагропромпроект» ЖШС атқарушы директоры, облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және бюджетті жоспарлау бойынша кеңесшісі болды. 2014 жылдан индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылдан Маңғыстау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы лауазымында болған.

Бұған дейін Өңірлік палатаны 2012 жылдан бастап Қаржауов Олжас басқарып келді. Қазір ол «Атамекен» ҰҚП-да жаңа қызметке тағайындалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер